ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ: Астана - тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтетін боламыз. Еліміз үшін осынау ұлық мерейтойды мерекелеу аясында республика бойынша ұлттық идеологияны насихаттауға және қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының танымалдығын арттырып, тарату және мемлекетіміздің жаңа тарихына қатысты деректерді насихаттау бағытында ауқымды шаралардың да қолға алынып отырғандығы белгілі.
None
None

Бұл ретте жаңа қазақ мемлекетін қалыптастыру жолындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлттың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалпыға танылған рөлі айрықша қызығушылық туындататындығы сөзсіз. Әсіресе, ширек ғасыр өткеннен кейін Мемлекет басшысының елді дамыту келешегіне қатысты стратегиялық көзқарасын және оның дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдегенін ой елегінен өткізу де өзекті.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлттың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетіміздің қалыптасуы жолының түрлі кезеңдерінде жазған бірқатар кітабының негізгі мазмұнымен және Мемлекет басшысы жайында өзге авторлар жазған еңбектермен өз оқырмандарын таныстыруды жалғастырады.

***

Бүгін елорда күні. Ал қаланың бас сәулеткері шын мәнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып саналады. Мемлекет басшысының идеясы мен ұсыныстарының арқасында Астана Батыс пен Шығыс мәдениеті мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды. Қаланың көптеген ғимараттары, ескерткіштері кезінде Президент сурет, сызба және нобай түрінде түсірген ойлардан алынды. Әлемнің белгілі сәулеткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың ойларын өмірде жүзеге асыра білді. Олардың арасында Кисе Курокава, сэр Норманн Фостер, Кензо Танге және тағы басқалар бар. Ғимараттардың басым көпшілігі Астананың ең көрнекі орындары мен қаланың өзіндік рәміздеріне айналды. Осыған орай бүгін Елбасының «Еуразия жүрегінде» деп аталатын кітабы жайында сөз қозғамақпыз.

Алғысөзі Әл-Фарабидің қайырымды қоғам жайындағы ой-толғамымен басталатын кітабын Мемлекет басшысы халықтар мен өркениеттер тарихындағы елордалардың рөлі жайындағы өз пайымдарымен бастайды.

 «Дәуірдің табы мен мәнері екі-үш айшықты сызбамен бейнелене береді. Эйфель мұнарасы, Вестминстер, Кремль... Бұл астаналық нышандар - әлем картасының ең үздік жолбасшылары. Олар бұл күнде солай жаратылған сияқты қабылданады. Алайда олар белгілі бір адамдардың дарынымен және еңбегімен жасалған. Астананы құру - ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мың жылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде ic жүзінде жаңа астана құрдық. Қас қағымдай болып сегіз жыл өте шықты. Күнделікті қауырт тіршіліктен қолым қалт еткенде, мен осы кітапта күнделік жазбаларымның шашыраңқы беттерін біріктіруді ұйғардым. Күрделі шешімдер, қанаттастардың көмегі, сәулет саласындағы ізденістер, қаланың болашағы туралы ойлар, өлкенің аңыздары мен жер-су атаулары, тұрмыстың түйткілдері, тарихи салыстырмалар, Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда, жаңа елордаға арналған менің ойларым мен істерім - бәрі-бәрі осында», - деп атап өтеді Президенті.

Кітаптың бастапқы бірнеше парағы автордың тау мен сайын кең далада өмір сүрген адамдардың сезімдеріндегі терең айырмашылық жайындағы ойларына арналған. Алатаудың таулы жайлауында өскен Президент кейін сахараның нағызы - Сарыарқаға алғаш аяқ басқанын даланың адам бойына құятын ғаламат қуатына қайран қалғанын әрі оны жан-тәніммен сезінгенін баса атап өтеді.

«Астананы ауыстыру - сөзсіз тосын да сирек оқиға. Әрине, бір адамның ғұмырының шеңбөрінде. Мемлекет ауқымында бұл әдеттен тыс болса да, соншалықты бас шайқап таңғалғандай құбылыс емес.

Қоныс аудару да адам өміріндегі айрықша оқиға саналады. Кейбір адамдарда еш уақытта көшуге деген қажеттілік тумайды, енді біреулер жиі көшіп-қонуға мәжбүр.

Мемлекеттерде өздерінің бас қалаларын ауыстырып жатады. Әдетте мұндай ауыстырудың барша фактілері дәлелді әрі уәжді болып келеді.

Және осындай ауыстырудың қажеттілігі ел тұрғындарының қалауына қарағанда, мемлекеттің пайдасынан жиірек туындайды.

Бірақ бұл жерде, ең бастысы - астананы көшіруге мәжбүрлеуші, аңғарыла да, түсінікті бола да бермейтін кейбір себептер сілемін сезіне білу шарт.

Адам өмірбаяны сияқты мемлекет тарихында да қоғамның, мемлекеттің мекендік-саяси орны, соған сәйкес астананың орналасқан жері туралы пайымын өзгертуге итермелейтін беймаза кезеңдер болады. Осындай тарихи уақыт белесінде астананы ауық-ауық ауыстырудың салдарынан сырт көзге абыр-сабыр оқиғалар өтіп жатқандай көрінеді. Бірақ олар елдің ұзақ ғұмыры мен кемел келешегі үшін, тұрақты дамуы үшін қажет құбылыстар болмақ.

Бұл тұрғыда әсіресе Ресейдің мысалы ауызға аларлық. Ресей мемлекетінің тарихында астананы ауыстырудың талай әрекеті мәлім.

Мысалы, аумалы-төкпелі замандарда, қилы-қилы кезеңдерде олар астананы Новгородтан Киевке, Киевтен Владимирге, Владимирден Мәскеуге, Мәскеуден Санкт-Петербургке, Санкт-Петербургтен қайтадан Мәскеуге көшіріп отырды. Бұл ұлы көштердің бәрініңде себеп-салдары болды».

Елбасы Ресей астаналарының ауысу жайттарын, әсіресе Ертедегі Русь кезеңіне қатыстысын белгілі орыс тарихшысы Сергей Соловьев «Петр оқуларында» былай деп талдағанына тоқталады: «...аса ауқымды елдің үкіметі өзінің орналасқан жерін қажеттілікке қарай, халық күшінің әлдебір елге қосылуына және кемуіне қарай, халық мүддесінің, халық назарының осы жерге немеce келесі 6ip жерге шоғырлануына қарай елдің бір бөлігінен екінші бөлігіне ауыстырып отыруға мәжбүр; демек, үкіметтің орналаскан жерінің бұлайша ауысуын тарихтың әлдебір өз бетінше еркіндігі деуге болмайды».

«Егер осылай пайымдар болсақ, менің түсінігімде, біздің Қазақстанда, жер ауқымының aca байтақтығы жағдайында деп осы «халық мүддесі мен халық назары» тарихи тұрғыдан «үкіметтің орналасқан жерін ауыстыруды» алдын ала айқындап қойған тәрізді.

Бұл жердегі әңгіме қайдан ойға келгені белгісіз оқыс шешім сияқты көрінген, түйеден түскендей етіп, астананы аяқ астынан Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы болып отыр.

Жалпы, астананы көшіру процесі - айрықша назар аударуға әрі жан-жақты көсіле баяндауға тұрарлық тұтас бір эпопея.

Ғылыми ақиқатты іздеуде табиғат құбылыстарын зерттеушілерде өзіндік бір ізашар бағдаржол қалыптасты. Бұл бағдаржолдың мәнісі мынада: күтпеген шешім сырттай өңдеу мен қатынас кезеңінде келеді. Алдымен келетін ой - «Бұл мүмкін емес!». Сонан соң - «Мұнда бірдеңе 6ap...». Және ақырында, - «Мұны кім білмейді!»

Біз, әрине, «астананы көшіру» үрдісіндегі ізашар атағынан үмітті емеспіз. Адамзат тарихында астананы ауыстыру мысалы aca көп, олардың бәрін тізіп шығу да мүмкін емес

Бірақ астананы көшіру шаруасы мен ғылыми жаңалық ашудағы жағдай aca ұқсас па дедім. Оған дәлел - Астана туралы шешім алғаш пісіп жатқан кешегі күн мен бүгінгі күн, соншалықты түкпір демесек те, едәуір шалғайдағы қарапайым Целиноградтың тамаша ғимараттар мен сәулет кешендерімен еңсесін түзеген Қазақстан Республикасының eрке Есіл бойындағы көркем елордасы - Астана қаласына айналған «өмір жолы».

Бір атақты физик-ғалымның: «Сондай жап-жас және сондай беймәлім!» деп айтқаны бар екен.

Осы бір қайшылықты тіркесте тарихты жастар жасауы тиіс деген біздің заманның өршіл талабы жатыр...

Сол сияқты мемлекетіміздің тарихы да еліміздің ең жас астанасында жасалуда. Пайда болғанына небарі жеті-ақ жыл болған, сөйте тұра жалпак, жалғанға мәшһүр болған астана.

Сондай-ақ бүгінгі күні жас Астана елдің жай ғана әкімшілік орталығы ретінде, өкіметтің орталық органдары орналасқан, ел үшін тағдырлық мәні 6ap шешімдер қабылданатын жер ретінде ғана қаралмайды.

He бары жеті жыл ішінде бұл қала біэдің миллиондаған азаматтарымыз үшін Отанымыздың нағыз жүрегіне айналды.

Кез келген жүрек сияқты жаңа астана да Қазақстанның барлық өңіріне нәр берумен қатар, ұлттық pyx пен сананы көтеруде», - деп жазды Н.Назарбаев сонау 2005 жылы.

Толық тарихты жазып шығу мүмкін еместігіне және оның өзі мәнсіз әлек екендігін, енді жазып болдым-ау деген кезде оның өзі ескіріп қала беретіндігіне тоқтала келе Президент осыдан кейін елорданы Ақтолаға көшірудің нақты септерін кеңінен сипаттайды..

«Бірақ қашанда уақытқа, түсіндірулерге және баяндауларға бағынбайтын немесе бағынбайтын дерлік ең маңызды жайттарды бөліп алуға болады.

Ең дұрыс шешімдерге жол сала отырып, мынаны айта аламын.

Мен математик емеспін. Білуімше, осы нақты ғылымды шешу қажет, бірақ дәл шешу мүмкін емес есептер бар деседі Сондықтан мұндай «көп шешімді» есептердің шешуі ең жуық мәнде ғана алынады екен.

Астананы көшіру де осылай боп шықты. Астананы ауыстыру қажеттілігіне итермелеген бірқатар жағдайлар болды

Өйткені көбіне дағдылы да күтілген шешім емес, қайшылау келетін шешім мейлінше дұрыс болып жатады.

Алдымен Қазақстан астанасын Алматыдан елдін басқа бір өңіріне көшіру міндеті койылды. Ал Астананың нақ Ақмолаға ауыстырылғаны оны қайда көшіру керек еді деген сұраққа мейлінше жақын жауап болды.

Расында да, ақбас шыңды Алатаудың бауырын бойлай ондаған шақырымға созылған Алматы қаласын табиғаттың өзі астана етуге лайықтағандай-ақ емес пе еді! Жұмсақ климат, мұнартқан таулар, сарқыраған өзендер, баяғыдан қалыптасқан қосалқы құрылымдар, қызмет көрсетудің дамыған желісі.

Оның үстіне Алматының өзі бос жатқан жерде өркендеген жоқ және оңтүстік астананың «отарлық» шығу тегі туралы орныққан әрі жұртқа сіңген көзқарастармен көп ретте сәйкеспейтін өзіндік ескі тарихы бар-ды.

Мысалы, Алматы аумағы XIX ғасырдың ортасында майор Перемышльскийдің отряды келгенге дейінде емін-еркін қазақтар жайлаған Жетісудың шұрайлы да шырайлы пұшпағы болатын.

Ұлы Моғолстанның негізін қалаған құдіреті күшті Бабырдың естелік жазбаларында моңғол шапқыншылығынан қираған көркем қала Алмату (Алмалық) туралы мәлімет бар. Бабырдың замандасы, орта ғасырдың aca көрнекті оқымыстысы Мұхаммед Хайдар Дулати да өзінің әйгілі «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде Алатаудың әсем бөктеріндегі Алмалық қаласы туралы баяндайды. Көп жылғы зерттеулердің нәтижесінде қазақтың белгілі археолог-ғалымы K.M.Байпақов Алматы қаласы X-Xl ғасырларда қалыптасқанын дәлелдеп шықты. Бұл қала бойында қалаға тән белгілердің бәрі бар, орта ғасырлық Қазақстанның ipi саяси, экономикалық және мәдени орталығы болған.

Орынбор мен Қызылордадан кейін, 1929 жылы республиканың астанасы боп жарияланған Алматы қауырт өркендеді. Алматылықтардың талай ұрпағы өз қалаларының бір әсем де қайталанбас астаналардың бірі ету жолында қайрат-күштерін аянбай-ақ жұмсасты. Оның келісті бақтары мен гүлзарлары, көшелері мен алаңдары ақындар мен жазушыларға, сәулетшілер мен суретшілерге, ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне өздерінің ең үздік шығармаларын өмірге әкелуде әрдайым шабыт беріп отырды, әлі де солай. Бұл қалада жалғыз рет қана болған жанның жадында естен кетпес шуақты әсерлер мен тамаша естеліктер қалары сөзсіз.

Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының, саясатының басты орталығы Алматыға қашанда шығармашылық пен еркін ой ахуалы тән болатын.

Тоталитаризмге қарсы ашық наразылықтың алғашқысы - 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының нақ осы қалада болуы кездейсоқтық емес.

Алматы тек біздің республиканың демократиялық жұртшылығына ғана емес, бұрынғы Одақ көлеміне - халық бұқарасының озбырлықтың бұғауына қарсы тұруының символына, қазақ халқының намысына, қайта өрлеген ұлттық сана-сезімінің белгісіне айналды.

Осы қалада Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жарияланды. Осы оқиғаның кұрметіне Алматыда Республика алаңында алып Тәуелсіздік монументі айбындана көкке шаншылып тұр.

Меніңде талай жылым Алматымен байланысты. Осында алғашқы немерелерім дүниеге келді. Бұл қала менің өзіме де, отбасыма да жанымдай жақын.

Бірақ замана акиқаты мен бірқатар геостратегиялық жағдайлар бізді өзіміздің геосаяси кеңістігімізді қалыптастыру үрдісіне жаңаша қырынан келуге мәжбүр етті», - деп еске алады Мемлекет басшысы.

Белгілі болып отырғандай, жаңа астананы таңдауда басшылыққа алынған барлық өлшемдердің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше ұтымды шықты.

Сөйтіп, 1994 жылғы шілдеде астананы солтүстікке 1000 шақырымнан астам жерде жатқан далалық Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды...

Ақмола Қазақстанның географиялық орталығы деуге болатын, Қазақстан экономикасының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктелері болып отырған маңызды шаруашылық өңірлерге жақын орналасқан. Қала ipi көліктік арналардың қиылысында, тоғыз жолдың торабында тұр. Бұдан басқа, қала Қазақстан үшін көптеген шет елге шығудың мейлінше төте жолы - трансеуразия арналарына таяу қоныстанған.

Астана халқының саны қоныс аудару туралы шешім қабылданған кезде 290 мындай адам еді. Дегенмен қаланың келешекте өз халқын өсіруге үлкен мүмкіндіктері бар-ды. Сәулетшілер қала аумағының орталық бөлігінде жаңа ғимараттар мен шағын аудандар салуға болатын 30 гектардай бос алқап барын белгіледі. Оның үстіне, қала салу үшін пәлендей бөтен кедергілер де жоқ болатын.

Қаланың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жай-күйі де соншалықты сұрақ туғызбады Көліктік қосалқы құрылымды шамалы жаңғыртып, аздаған шығын шығарған ретте қаланың барша мұқтажын өтеуге болатын. Бәрінен бұрын Ақмоланың экологиялық ахуалы қалыпты, әрі бұл ахуал келешекте де ойдағыдай сақталып қала алатын.

«Астананы көшіру Қазақстанды жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда зор рөл атқаратынына мен сенімді болдым.

Біріншіден, астананы көшіруді біз әуелі бастан геосаяси турғыда Қазақстанды нығайтуға бағытталған қадам ретінде қарағанбыз. Сөйтіп, біз өзіміздің бейбітшіл сыртқы саясатымыздың сан салалы бағыттылығын қуаттадық.

Осы әрекетімен Қазақстан Солтүстікпен және Оңтүстікпен, Шығыспен және Батыспен тең құқықты ынтымақтастыққа ашықтығын паш етті.

Бұл еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы орта тұс жағдайының артықшылығын барынша нығайтуға мүмкіндік берді.

Екіншіден, біздің тандауымызда қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды. Бұл тұрғыда тәуелсіз мемлекеттің астанасы сыртқы шекаралардан алыстау жерде, мүмкіндігінше елдің ортасына таман тұруы тиіс-ті.

Оның үстіне, бірқатар сарапшылардың сол кездің өзінде-ақ болжап айтқан, Орталық Азия өңірінде шиеленіс күшейе түсуі мүмкіндігін де назарға алуға тиіс болдық.

Сондықтан мемлекеттік жоғарғы 6acқapy органдары қызметінің қауіпсіздігін, аймақтағы ахуалдың шиеленісуі мүмкін болған жағдайда олардың жұмысының тиімділігінде қамтамасыз ету маңызды еді. Бұл қаупіміздің негізсіз еместігін кейбір өңірдегі кейінгі оқиғалар көрсетіп берді.

Үшіншіден, астананы ауыстыру Қазақстанның экономикасын одан әрі дамыту тұрғысынан да тиімді еді.

Осының арқасында халық пен өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша біржақты орналасуын біртіндеп түзеу, солтүстік және орталық өңірлерде шетелдік тың жаңалықтарды, ғылымдандырылған өндірістерді, озық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін болады. Өз кезегінде бұл Қазақстанның өнеркәсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға және жұмыспен мейлінше толығырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек-ті.

Төртіншіден, бұл шешім елде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту тұрғысынан даусыз артықшылықтар әкелген қадам болды. Астананы өз халқының құрамы жөнінен көп ұлтты өңірге көшіру көп этникалық мемлекет құруға, Қазақстанда тұратын барлық этникалық топ арасында достық пен ынтымақты сақтау мен еселеуге деген бағыттың өзгермейтіндігін айқын көрсетпек-ті.

Мен парламент мінбесінен депутаттарды Қазақстан жаңа астана кейпінде жаңа қоғамдық-саяси ғана емес, уақыт өте келе Қазақстанның ipi ғылыми, мәдени және іскерлік орталығына да қол жеткізе алатындығына сендірдім. Астананы ауыстыру Алматының өзіне де тиімді болды. Бұл өзгеріс оңтүстік астананы дамытуға жаңаша серпін беретіні даусыз-ды. Осы қадаммен біз қалаға дүниеге қайта келу мүмкіндігін жасағандай едік», - деп жазады Президент.

Бүгінде біз Президенттің есептеулері мен күткен нәтижесінің толықтай орындалғанын көріп отырмыз. Еуропадан Азияға апаратын жолдар қиылысында қолайлы орналасуы еліміздің астанасын еуразиялық кеңістіктің жаңа орталығына айналдырды. Бүгінде Астана аумақты өңірдің ең әсем қаласына, оның саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығына айналып үлгерді.

«I Петрдің боярлар арасына еуропалық мәнерді - олардың сақалын жұлып немесе күзеп, дәстүрлі кафтан шапандар орнына қамзолдар киюге зорлап, ауқатты шонжарлардың балаларын Голландия мен Еуропаның басқа да елдеріне оқуға жіберу арқылы енгізгені туралы сайқымазақ, алып-қашпа әңгімелер талайдың есінде шығар. Бірақ, егер шындап қарасақ боярлық сияқты мықты элиталық топтың қасаң көңіл ауаны Ресейде күшті болғаны соншалық, олармен күллі русьтың дара билеушісі де есептеспей тұра алмады. «Еуропалық тұрмыс-салтын» енгізумен байланысты боярлардың жаңа ділге көзге көрінбейтін астыртын қарсылығы соншалық, олармен күрес сақал жұлып, оны күзеумен шектелген жоқ. Сондай-ақ боярлардың қарсылығына көне салуға Ұлы Петрдің Ресей өмірін батыс еуропалық мәнерде қайта құруға деген мықты ұмтылысы жол бермеді. Сөйтіп, астананы мәртебелі тақ орныққан Мәскеуден өзі алыс, өзін үнемі cy басып кете беретін жерге көшіру - Петрдің ескі мен жаңаны өзінше бір ымыраға икемдеуі еді. Ежелден ақсүйек боярлар Мәскеуде қала отырып,  өздерінің артықшылықтарын және ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-салттарын барынша сақтап қалды. Ресей империясының әкімшілік басқару органдары Санкт-Петербургке көшірілді және ол Ресей халқының «іскер» бөлігі - көпестерден, қолөнершілерден, тіпті кей жағдайларда қара халықтан шыққан өкілдермен толықтырылды.

Әрине, боярлар мен ақсүйектер сөйте тұра мемлекеттік басқару жүйесіндегі жетекшілік орындарынан айырылған жоқ.

Алайда мемлекетті басқарудың жаңа жағдайы және acтананың еуропалық талаптарға жақындығы, қалай болғанда, билеуші тапты іс жүзінде еуропаша ойлауға мәжбүр етті. Оның үстіне, петербургтік ақсүйектер өз шешімдерінде бұдан былай көне Мәскеуге, ондағы ресейлік боярлықтың ғасырлар тереңінен тартқан қуат-күшіне ендігі жерде арқа сүйей алмайтынын білді. Феодалдық қатынастар озбырлығымен әлсіреген Ресей экономикасы жаңа бір лепті талап етгі. Ол леп, 1 Петрдің пікірі бойынша, империяға Еуропада бар нарықтық шаруашылықтың негізін енгізуде жатты. Сондай-ақ Ресей астанасының, шонжарлардың қасарысқан қарсылығына қарамастан, Санкт-Петербургке ауысуы - Петр айқара ашқан «терезе» арқылы алып империяға лап қойған капиталистік қатынастардың діңгегін бекітті», - деп атап өтеді Н.Назарбаев.

Президент біздің елдің аумағында да әртүрлі уақыттарда көптеген астаналардың да болғандығын оқырман қәперіне салып өтеді.

«Тарихи материалдарды зерделей отырып, әр түрлі уақытта, Ұлы Дала тағдырының түрлі кезеңінде барша түркі тайпасының бас орда - астаналары нақ осы заманғы Қазақстан аумағындағы қалаларда орналасқанын байқамау мүмкін емес Атап айтқанда, бұл жайт Суяб, Құлан, Тараз, Баласағүн, Сығанақ және Түркістан сияқты көне қалаларға қатысты. Ең қызығы, олар белгісіздеу қалалық қоныстар емес, Казақстанның аты шулы ежелгі қалалары. Олардың гүлденуінің шарықтау кезеңі орта ғасырларда, тіпті одан да ерте тарихи дәуірлерде жатыр. Сондай-ақ бұлар Еуразияның азиялық бөлігіне ғана емес, Еуропаға да едәуір танымал болған қалалар. Бұл қалалар өздері арқылы Еуропа мен Азия арасында тауарлар алмасуы жүрген аса маңызды көлік тораптары ретінде Еуропа тарихына күні бүгінге дейін белгілі.

2001 жылы Қазақстанда ресми және достық сапармен болған көзінде Жоғары Шапағатты Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің сөзінен Батыс пен Шығыстың бағзы сауда қатынастары туралы тарихи шындықты бекіткен үзіндіні осы жерде opнымен келтіре кетейін Ол «Мен бір кездері мәдениет пен сауданың маңызды орталықтары болған Баласағұн, Меркі, Құлан, Тараз, Отырар, Түркістан секілді және басқа қалаларға таңданыспен көз саламын. Оларда Еуропа үшін Аристотельді ашқан Әбу Насыр әл-Фарабиден 6acтап... ғылымның, өнер мен тарихтың көрнекті қайраткерлері тұрған», - деді.

Жетісудағы Шу өэенінің алабында орналасқан Суяб қаласы Түрік қағанатының басты қалаларының бірі және біршама кейіндеу құрылған Батыс Түрік қағанатының астанасы болғаны тарихи шежірелерден белгілі.

Түрік қағанаты Ұлы Даланың ең үлкен мемлекеттік бірлестігі болғанын айта кету керек. Қағанаттың ықпалы мен билік өрісі Еуразияның орасан зор кеңістігіне - Дунай жағалауынан Кореяға дейін, Гоби даласынан Байкал көліне дейін жайылды. Түркілер мемлекетінің негізін қалаушы Бумын болып саналады, ол біздің заманымыздың 551 жылы «түркілер қағаны» деген дәреже алды.

Бумын ұрпақдарының арасындағы қырқыстар нәтижесінде Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін, 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды, Суяб қаласы оның астанасы болды.

Біздің заманымыздың 704-756 жылдары Суяб қаласы Іле өзені бойында тұрған Күнгіт қаласымен қатар Түркеш қағанатының да астанасы болды. Ол тайпааралық қақтығыстар мен билеушілердің өзара жанжалдары, сондай-ақ Жетісуға қытайлық Таң империясы жасақтарының шапқыншылығы нәтижесінде Батыс Түрік қағанатының орнында дүниеге келген болатын.

Құлан (қазір Луговая темір жол бекеті) және Тараз (кеңес заманында Жамбыл деп аталды) қалалары Қарлұқ хандығының астаналық ордасы болғаны белгілі.

Жетісудың ipi сауда-кәсіпшілік орталықтарының бірі Баласағұн, Бұхарамен тең дәрежеде біздің заманымыздың 940-1210 жылдары бірқатар түркі тайпаларының мемлекеттік бірлестігі - қуатты Қараханидтер мемлекетінің астанасы болды.

Сығанақ - біздің заманымыздың X ғасырынан 1219 жылға дейін өмір сүрген Қыпшақ хандығының астанасы.

Ортағасырлық араб жылнамашысы Рузбеханидің жазғанына қарағанда, Сығанақ сол кезде гүлденген және бекінісі мықты қала екен. Қаланың айналасы егіншілік алқаптармен қоршалған, қаланың өзі ауқымды құрылыстардан тұрған. Каланың солтүстік-батысы Сырдарияға қарай құм шағылдарға ұласқан. Рузбехани ол туралы былай дөп жазады: «Естуімізге қарағанда, бұл шағылдар біткен жерден Түркістан аяқталып, Өзбекстан басталады».

Ресей империясының елімізді отарлау саясаты белең алып, қазақ жүздерінің Ресейге косылған тұсында Далалық өлкенің астанасы Орынбор болды. Нақ осы Орынборда Түркістан және Далалық өлке генерал-губернаторларының кеңсесі орналасты.

Бірақ бұған қарап аға султандар өз саясатын жүргізу құқығынан толық айырылды деуге болмайтын еді. Орынбормен қатарласа жүздердің, рулардың астаналары пайда болды, астана қызметін аға сүлтандардың ордалары атқарды».

Жаңа елорданың сәулеттің келбеті қалай қалыптасты, астананы дамытудың негізгі тұжырымдасында қандай сәулеттік сұлбалалар бейнеленді?

 Бұл сауалдарға да Мемлекет басшысы Астананың философиясын жан-жақты түсіндіретін нақты жауаптар береді.

«Есілдің құтты жағалауынан Қазақстанның жаңа астанасын құрып, оның құрылысын ойдағыдай жүргізіп отырып, біз, ең алдымен, астананың - тіпті жете ойластырылса да құрылыстардың жай ғана жиынтығы бола алмайтындығын есте ұстадық. Астана, әрине, қала тұрғыны үшін тіршілік етудің оңтайлы ортасы. Бас жоспар бойынша бірқатар үйлер салып шығумен бірге, оларға лайықты тіршілік тынысын жасау да кажет еді. Астаналық тұрғындар ол үйлерде жақсы тұрып, өркениетті түрде жұмыс істеп, жайдары тыныға алатындай жағдай жасау міндеті койылды.

Тұрмыс жайлылығын сезіну қала тұурғындары тіршілігінің ең басты ерекшелігі екендігі белгілі. Осы заманғы қалалардың, астаналар мен қала құрылысының философиясы негізінде тіршілік сапасының философиясы жататындығы да сондықтан. Нақ осы философия Есіл жағасында қанатын жайған жаңа астана үшін неғұрлым оңтайлы қағида ретінде назарға алынды.

Мен пікірталастан аулақпын, бірақ мынаны айта аламын - біз қарастырып отырған тіршілік саласы философиясының негізіне әрі қарапайым, әрі принципті екі қағида алынған. Біріншісі - қаланың немесе астананың бірегей әрі қайталанбас ажарын қалыптастыру. Екіншісі - қаланың осы бірегейлігі қала орамдарынын және қаланың барлық азаматтарының мейлінше жайлылықты сезінуіне ықпал етуге тиіс.

Қала құрылыстарының бірегейлігіне келсек, бұл біздің ең әлсіз тұсымыз. Сәулетшінің сөздігінен «эстетика» ұғымы ic жүзінде шығып қалған кеңестік «ұраншыл» кезенде біздің бұрынғы кеңес заманындағы қалаларымыз, соның ішінде Целиноград та бір өңкей «хрущевтік» үйлердің жиынтығына айналды. Олар, әрине, қалалардың бірегей келбетін жасауға да, турғындардың жалпы жайлы өмір сүруіне де жағдай жасай алмады.

Біз бүгін сәулет тұжырымдамаларын және сәулет нысандарын өз қалауымызша тандай аламыз. Мәселе нені тандап алғанымызда емес. ең бастысы, өзіміз жасаған сол таңдау қалаларымызда қалай көрінуге тиіс және азаматтарымыз үшін қандай жәғдай барынша қолайлы болады деген өзіміздің қазақстандық қажеттілігіміз бен ұстанымдарымызға мейлінше сай келуінде. Бүгін біздің жаңа елордамыз Астана кұрылыс пен сәулет саласындағы алуан түрлі көзқарастарды бойына жинақтады. Бірақ елорда сәулет нысандарының арқасында ғана eмec, онда тұратын Қазақстан азаматтарының өзінің туған жерін жайнатуға, осы жерден бейбітшілік, келісім мен игілік жазирасын жасауға ұмтылған әлеуетінің арқасында астанаға айналды.

Бүгінде Астананың өзіне ғана тән қайталанбас келбеті бар, ол бай мәдәниетіміздің, барлық халықтар мен ұлттардың достық ниетті дарқан мінездерінің үйлесуінен түзілген ғажайып рухани аура қалыптастырған», - деп атап өтеді Елбасы..

Президент кітапта астананы дамытуға сәулет нысандары мен стильдерін таңдауға қатысты бірқатар мәселелерге де орай өз пікірін жан-жақты білдіреді.

Кітапты аяқтай келе Мемлекет басшысы адамдардың өмір сүруіне жайлылық пен сапаға нұқсан келтіре отырып сәулетке әуестенудің қажеті жоқтығын баса атап өтеді.

«Мен қаланы бұдан apы әсіре модерндік тұрғыда жетілдіре түсу жағында емеспін. Астананы дамытудың Бас жоспарында біз бейнелеген болашақ астананың пішіндері жайғана қысқа мерзімді не орташа мерзімді келешек емес. Мұны Қазақстан астанасының сәулеттік келбетінің соңғы бекеті деп санағым келеді.

Мұндай мәселелерде, сәулет өнерінің және болашақ қала салушылар ұрпағы келіп қарайтын жаңа енгізілімдердің сырттан келген соқпағына түсіп алып, тақымды кысып тарта бермей, әрдайым дер шағында аялдай білген жөн. Сәулет үшін сәулет жасау - қала мен астананың үдемелі дамуының емес, мешеу қалуының кепілі.

Біздің болашағымыздың қаласы сәулеттік қағидаттарды дамытудан гөрі, бірінші кезекте жергілікті және жаһандық сипаттағы шынайы проблемаларды шешуге тәуелді. Болашақ қала құрылысының ең негізгі қағидаты - жаңа нысандарды салу емес, осы күнгі қолда барды жетілдіре түсу. Бұл, әрине, сәулет өнері өлуге тиіс дегенді білдірмейді. Қала келбетінің маңыздылығына қарай, сәулет өнері өз opнын экологияға, коммуникациялар прогресіне, тұрмыстық жағдайларды жаңарту және қалалық сана мен ділді жетілдіру ұстанымдарына беруі керек деген сөз.

Біздің барынша шектеулі әлеуетіміз жағдайында, әлеуметтік және азаматтық жайлылықтың бұл топтамасын ұғынып, қабылдап алу сәулет ici тізгін тарта тұрғанда ғана мүмкін болады.

Адами тұрмыстың барлық қалған саласы мен қалалық инфрақұрылымның салалық деңгейі бастапқы сәулеттік ой-ниетпен сәйкестікке жеткізілгенше, Астананың сәулетіне уақытша дамыл беруге тура келетін кез де туады. Әйтпесе біз жер үстіндегі, жер астындағы жетілмеген коммуникацияны жетілдіреміз деп баяғыдай асфальт қопарып, қайта бұзушылыққа ұшыраймыз. Әйнектері жарқырап, биікке ұмтылған зәулім үйлердің жанынан тағы да ұра қазып, ой-шұңқырды тегістеп, баяғыша әлекке түсумен боламыз. Сәулеттік шапшаң бұлқыныстардан гөрі қалалык, қоғамдастықтың мекендеу ортасы мен өмір суру жағдайларын жақсарту - міне, Астананың қалалық құрылысының таяу уақыттың өзінде дамытылуға тиіс бағыты осындай», - деп түйіндейді Елбасы «Еуразия жүрегінде» деп аталатын кітабын.

Бұл кітаптың соңғы беттері жазылып, баспадан жарыққа шыққанына да 10 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында елордамыз кісі қызығарлықтай шығыс пен батыстың айшықтарын қатар бойына сіңіріп, үйлесімді ұштастырған Астана Еуразия кіндігіндегі ең белсенді орталыққа, әлемдік деңгейдегі шешімдер қабылданатын орталыққа айналды.

Соңғы жаңалықтар