Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихы мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың атымен тікелей байланысты - халықаралық конференция

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихы мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тікелей байланысты.
None
None

Елбасының дарынды саясаткер екендігі және қазақ халқының көшбасшысының айналасына біріге білуі мемлекетіміздің ең қиын деген күндерінің өзінде тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді»,-деді бүгін Мәжіліс депутаты Әмзебек Жолшыбеков Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке 20 жыл» атты халықаралық конференцияда.

Ә. Жолшыбековты сөзіне қарағанда, мемлекетіміздің қалыптасуы жылдарындағы ең бір күрделі мәселелердің бірі мемлекеттік шекараға қатысты болды. «13,5 мың шақырым құрғақ жері бар Қазақстанның алдында барлық көршілерімен арадағы шекраны белгілеу міндеті тұрды. Бұл күрмеуі көп, күрделі шаруа уақытында жүзеге асырылды. Біздің еліміз халықаралық құқықтар негізінде Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей сияқты көрші елдермен арадағы өзінің шекарасын бекітті»,-деді депутат.

Сонымен қатар ол еліміздің өзге мемлекеттермен бірлесе отырып, 20 жыл бойы ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану жұмыстары бағытында талмай еңбектеніп келе жатқандығын атап өтті. «Қазақстанда орналасқан әлемдегі ең ірі сынақ алаңдары бірінің жабылуы мен әлемде 4-ші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тарту жөніндегі шешімдер осы сөзіміздің жарқын дәлелі»,-деді халық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар