Тәуелсіз Қазақстанның Олимпиада чемпиондары (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына бүгін 19 күн қалды. Осы орайда Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қатысқан 5 жазғы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген чемпиондарымызды естеріңізге салуды жөн көрдік.
None
None

Атланта олимпиадасы - 1996 жыл!

Атлантада (АҚШ) өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 3 отандасымыз чемпион атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Олар:
жиров.jpg  

Василий Жиров -  81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан боксшы.

Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы отандасымыз.

юрий мельниченко.jpg
Юрий Мельниченко  - грек-рим күресінен 57 келі салмақта өнер көрсетіп чемпион атанды.

Александр Парыгин.jpg
Александр Парыгин -  бессайыстан Олимпиада чемпионы атанды.

Сидней олимпиадасы - 2000 жыл!

Сиднейде де (Австралия) жерлестеріміз 3 алтын медальмен оралды.

Олар:

Бекзат Саттарханов.jpg
Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Ермахан Ыбрайымов.jpg
Ермахан Ыбрайымов - 71 келіде бокстасты. 

Ольга Шишигина.jpg
Ольга Шишигина  - кедергілермен 100 м қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпазы атанды.

Афины Олимпиадасы - 2004 жыл!

2004 жылғы Афины олимпиадасында тек жалғыз спортшымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Бахтияр Артаев.jpg
Ол - Бахтияр Артаев - 69 келі салмақта өнер көрсетті. Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы атағымен қоса, Вэл Баркер кубогын да жеңіп алды. Осылайша

Вэл Баркер кубогын иеленген екінші қазақстандық боксшы атанды.

Бейжің олимпиадасы - 2008 жыл! 

 Бейжіңде 2 отандасымыз жеңіс тұғырынан қол бұлғады.

Олар:

Бақыт Сәрсекпаев.jpg
69 келіде жұдырықтасқан боксшымыз - Бақыт Сәрсекпаев.

null
94 келіде өнер көрсеткен ауыр атлетіміз - Илья Ильин.

Лондон олимпиадасы - 2012 жыл! 

Лондон олимпиадасы тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды. Бір емес, жеті спортшымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Александр Винокуров.jpg
Бірінші алтынды велошабандозымыз Александр Винокуров жеңіп алды.

Зульфия Чиншанло.jpg
Екінші алтынды ауыр атлетикадан легионер қызымыз Зульфия Чиншанло (53 келі) жеңіп алды.

Майя Манеза.jpg
Үшінші алтынды тағы бір легионер қызымыз Майя Манеза (63 келі) жеңіп алды.

Светлана Подобедова.jpg
Төртінші алтынды Ресейден қоныс аударып келген ауыр атлетіміз Светлана Подобедова ( 75 келі) қоржынымызға салды.

Илья Ильин.jpg
Бесінші алтынды Бейжіңде де чемпион атанған даңықты ауыр атлетіміз Илья Ильин (94 келі) жеңіп алды.

Ольга Рыпакова.jpg
Алтыншы алтын жүлдені үш қарғып секіру сайысынан Ольга Рыпакова олжалады.

Серік Сәпиев.jpg
Жетінші алтынды 69 келі салмақта жұдырықтасқан боксшымыз Серік Сәпиев жеңіп алды. Серік чемпиондық атақпен бірге Вэл Баркер кубогына ие болған қазақ жерінен шыққан үшінші спортшы атанды.

Енді, Рио олимпиадасында да, чемпиондарымыздың саны көп болсын деп тілейміз!

Соңғы жаңалықтар