08:25, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20 жылдығына Мемлекетаралық көрме ұйымдастыру көзделіп отыр
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20 жылдығына Мемлекетаралық көрме ұйымдастыру көзделіп отыр,

деп хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
Көрме арқылы Достастық елдерінің экономикалық дамуының тұрақтылығы мен мүмкіндіктерін, олардың экономикалық ықпалдасуындағы терең үдерістерді көрсету жоспарланып отыр.
Көрме ТМД-ға мүше елдер туралы ғана ақпарат беріп қоймай, әлемдегі ірі мемлекетаралық аймақтық экономикалық ұйым ретінде Достастықты толықтай қамтымақ.