Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының атласы жасалады - ТМД Атқару комитеті
Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі хаарлады.
Ресейтізілім ТМД қатысушы-мемлекеттерінің кешенді атласын жасау жөнінде ұсыныс даярлады. ТМД өмір сүрген 20 жылға жуық уақыт ішінде ТМД атласы алғаш рет жасалғалы отыр. Оның мақсаты - көрнекі және жүйелі түрде ТМД қатысушы-мемлекеттері туралы ақпарат ұсыну болмақ, соның ішінде Достастық елдерінің табиғи қорлары, бірегей табиғи нысандары, экономика, мәдениет, туризм мен демалыс саласындағы жетістіктері қамтылмақ. Ресейтізілімнің пікірінше, ТМД атласы алғысөзден, жалпы және тақырыптық бөлімдерден тұратын болады. Сонымен қатар, әлемнің және ТМД мемлекеттерінің саяси картасы, ТМД тарихына қатысты материалдар, достастық мемлекеттерінің негізгі сипаттамалары (халқы, аумақтарының көлемі, және т.б.) толық көрініс табады. Оны жасау үшін ТМД қатысушы мемлекеттері кешенді атласының бас редакциялық алқасы, атлас жасау жөніндегі жұмыс тобы құрылатын болды.
Жұмыс тобына ТМД қатысушы-мемлекеттері кешенді атласының тұжырымдамасы жобасын 2012 жылы Молдовада өтетін Мемлекетаралық кеңестің кезекті сессиясына әзірлеп, ұсыну тапсырылды.