Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы алдында Алматы жаһандық қалалардың қатарына енді - қала әкімі А.Есімов

МАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Биыл жыл басынан бері Алматы бюджетіне 600 миллиард теңге түсті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 30 миллиардқа артық. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов фестиваль барысында айтты.
None
None

Оның айтуынша, бүгінде Алматы қаласы ішкі жалпы өнімнің бесінші бөлігін, мемлекеттік бюджеттің 4/1 бөлігін береді. «Алматы - экономикалық көрсеткіштер жағынан Орталық Азиядағы ең ірі қала саналады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы алдында Алматы жаһандық қалаларының қатарына енді. Бүгінде Алматы шетелдік әріптестерімізге инвестициялық тартымды, болашағы зор қала болуда. Өткен 7 ай бойынша қала экономикалық өсім көрсетті. Жыл басынан бері қала бюджетіне 600 миллиард теңге түсті. Тауар айналым 7 пайызға өссе, шағын және орта бизнес 30 пайызға өсіп отыр»,-деп атап өтті қала басшысы мерекелік шара барысында.

Соңғы жаңалықтар