Тәуелсіздік халқымыздың тарихи арманы еді - журналист М.Омаров
- Қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтары бұл баға жетпес сыйды сақтап, қорғаулары керек. Қазақстаның Тәуелсіздігі халыққа өзінің ұлттық ұмтылыстарын жүзеге асырып, адамдар өздерін еркін сезінуге және ұлтына қарамастан қорғалған мемлекет, қоғам құру мүмкіндік берді, - деп атап өтті М.Омаров. - Тәуелсіздік күні мен үшін халықтың және әрқайсымыздың патриоттық сезімдерімізге жауап беретін мемлекеттік мереке. Сонымен бірге ол Тәуелсіз Қазақстандағы бұқаралық медианың дамуына баға берді. - Егер қазақ журнистикасы туралы айтатын болсақ, ол Тәуелсіздік жылдары жоғары қарқынмен дамыды. Ол бұрын да болды, бірақ ол кезде одақтық пікірге бейімдендірілген еді. Біз Мәскеу жаққа қарадық. Енді біз үшін, мемлекетіміз үшін маңызды дүниелерді жазамыз. Қазір журналистердің бұрын көтерілмеген тақырыптарды көтеру мүмкіндігі пайда болды. Оның үстіне, біз өз жұмысымызда алдымыздағы ағаларымыздың тәжірибесіне сүйене аламыз. Өткен ғасырда да, оның алдында да талантты публицистер, әдебиетшілер, болды. Олар бай ұлттық мұраны құрды, - деп санайды журналист.