Тәуелсіздік күні Антрактидада Қазақстан туы желбірейтін болады - «Нұр Отан» ХДП

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин жердің Оңтүстік полисіне алғашқы қазақстандық экспедицияның басталуына байланысты, топ мүшелерімен кездесті.
None
None

Айтулы оқиғаның ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайласуының да өзіндік мәні бар. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан осы жылдар ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп, қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына кірді,-деп атап өтті, кездесуде сөз алған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин. Партия мемлекет беделін көтеретін салмақты жобаларды әрқашанда қолдап отырады. Сондықтан экспедиция құрамына өз өкілін - «Нұр Медиа» ақпараттық холдингінің жетекшісі Қайсар Жанахановты қосу арқылы, осы жобаға тікелей қатысып отыр.

Топ жол сапарын «Новолазаревская» станциясынан бастап, Тәуелсіздік күні, Оңтүстік полиске жетеді. Дәл айтулы күн қарсаңында Антрактидада Қазақстан туы желбірейтін болады.

Қазақ географиялық қоғамы командасының құрамына зерттеушілер де қосылды. Ғалымдар Антрактидада орналасқан поляр станцияларында болып, ақ құрлықтың табиғаттық, климаттық, экологиялық көрсеткіштері туралы ақпараттар жинамақ.

Бұл сапар тек ғылыми жағынан маңызды болып қана қоймай, еліміздің бүкіл әлем алдындағы абыройын арттыруда да ерекше роль атқарады. Жоба бастамашылары - «Нұр Отан» партиясы мен Қазақ географиялық қоғам өкілдері, осы арқылы қазақстандықтардың, әсіресе, жастардың туған елінің жеңісіне деген мақтаныш сезімін туғызуды көздейді.

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атап өткеніндей, патриотизм - бұл әрбір қазақстандықтың табысқа жету абыройы және өз майданында қандай жағдайда болмасын биікті бағындыруға деген талпынысы. Және әрбір азамат өзінің осы жетістігін Отанының атын шығаруға, оның әлім алдындағы беделін көтеруге арнауға тиіс.

Кездесуді аяқтай келе Нұрлан Нығматулин экспедицияға жердің Оңтүстік полисіне ілінетін «Нұр Отан» партиясының туын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар