Тәуелсіздік күні - әр қазақстандық үшін ең қымбат мереке - Р.Игібаева

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні - әр қазақстандық үшін ең қымбат мереке, - дейді ҚазАқпарат ХАА тілшісіне Павлодар облыстық Әдебиет және өнер музейінің директоры Роза Игібаева.
None
None

«Қазақстан көпұлтты және зайырлы мемлекет. Біздің музейде қазақ, орыс, татар, неміс әдебиетшілерінің еңбектері сақталып тұр. Бұл біздің еліміздің мәдениетіне зор үлес қосады», - дейді музей директоры.

Оның пікірінше, тәуелсіздік ұмыт болған құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға берілген ерекше мүмкіндік.

Павлодарда Достық үйі шатырының астында 23 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Мұнда балалар қазақ тілін үйренеді. Р.Игібаеваның айтуынша, бұл жерде қазақ тіліне деген құрмет ерекше, ол елдігіміздің Ту, Елтаңба, Әнұранымыз секілді басты атрибуттарының бірі саналады.

Соңғы жаңалықтар