20:10, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысында шағын аудан пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Жақсы ауданының Подгорное селосында «Жастар» шағын ауданында 2-і пәтерлі жеті жаңа үйдің кілттері салтанатты түрде тапсырылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жақсы ауданының Подгорное тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді. Өйткені, 7 бірдей екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, оған жас мамандар, механизаторлар және көп балалы отбасылар қоныстанды.
Шараға аудан әкімі Қ.Сүйіндіков және «ТNK Агрофирмасы» бас директорының орынбасары Т.Өтенов қатысып, жаңа пәтер иелерін Тәуелсіздік мерекесі және қоныс тойымен құттықтады.