22:22, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана маңындағы ауылдарда 4 балабақша ашылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Ақмола облысы Целиноград ауданында 4 балабақша ашылуда. Олар 600 балаға есігін айқара ашпақ, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан
Бұл - Тайтөбе, Қажымұқан, Қызылжар, Новоишимка ауылдарындағы балабақшалар .
Осылайша Тайтөбе ауылында 140 орынға шақталған балабақша ашылды. Мекеме толық жарақтандырылды.
Сонымен қатар 36 пәтерлі тұрғын үйді, Қоянды ауылында «Нұр Отан» партиясының Целиноград аудандық филиалының жаңа ғимаратын, Қоянды ауылын сумен жабдықтау нысандарын қолданысқа беру көзделген.