20:47, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Тәуелсіздік күні қарсаңында ОҚО-да мәдениет сарайы мен ауылдық амбулатория ашылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында ОҚО Түлкібас ауданында 2 әлеуметтік нысан қолданысқа берілді.
Жаскешу ауылында мәдениет сарайы салтанатты түрде ашылды. Оның құрылысы үшін облыстық бюджеттен шамамен 189,5 млн теңге бөлінді. Енді шығармашылық ұжымдардың өнерін көрсету үшін сахна ашылды.
Сонымен қатар, сарайда балаларға арналған түрлі үйірмелер ашылады. Ауданда биыл күрделі жөндеуден өткен тағы екі мәдениет сарайы жұмыс істей бастады. Ал келесі жылы аудандық билік өкілдері осындай тағы 6 нысанның құрылысын жоспарлаған.
Түлкібас ауданында мереке қарсаңында елді мекендегі амбулатория да алғашқы клиенттерін қабылдағаны хабарланды. Оның құрылысы үшін облыстық бюджеттің 94 млн 963 мың теңгесі жұмсалған. Амбулатория 50 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.