21:57, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Тәуелсіздік күні қарсаңында Таразда ардагерлер үйі ашылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында Таразда облыстық ардагерлер үйінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Бұл мекеменің ашылуымен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ардагерлерді құттықтап, оларға денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Өңір жетекшісі аталған ғимараттың құрылысы мерзімінен жарты жыл бұрын аяқталғанын айтты. «Енді біздің ардагерлеріміздің өз үйлері бар. Мұнда олар замандастарымен араласып, олардан көмек немесе ақыл-кеңес сұрай алады, - деді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Халил Бейсеев. - Мұнда ардагерлерге медициналық кеңестер беріліп, жеңілдетілген бағамен дәрі-дәрмектер ала алады». Ғимарат құрылысымен «ЖамбылХимқұрылысИнженеринг» ЖШС айналысқан. Астында қосымша қабаты бар екі қабатты ардагерлер үйінің құны шамамен - 120 млн. теңге.