Тәуелсіздік күні - Қазақстан халқының басты мерекесі - Ким Серікбаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда мерекелер көп. Бірақ, Тәуелсіздік күні - Қазақстан халқының басты мерекесі.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою шарасы барысында Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, әскери ғалым, полковник Ким Серікбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақ халқының аңсап жеткен тәуелсіздік күні - ұлы күн.

«Бұл тәуелсіздікті ата-бабаларымыз аңсап өткен. Сол ұлы күнге осыдан 23 жыл бұрын қолымыз жетті. Біз бұл күнді қастерлеуіміз керек. Ол үшін, елімізде тыныштық, ауызбіршілік болуы қажет. Елбасымыз «Қазақстан әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына кіруі керек» - деп жатыр. Ал бұл үшін жастарымыз адал еңбек етіп, игі іске атсалысқандары жөн. Сонымен қатар, бізге, ардагерлерге де бұл үдерістен сырт қалуға болмайды. Сондықтан айтарым, ардагерлер де шамалары келгенше, өмірден алған тәжірибелерін жастармен бөлісіп, оларға қолдау көрсетіп отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ал бүгінгі мереке барлығымызға жаңа белестерге жетуге күш-қуат, шабыт береді» - деді өз сөзінде К. Серікбаев.

Соңғы жаңалықтар