Тәуелсіздік күнінде 60-қа жуық оңтүстікқазақстандық азамат марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара болып өтті.
None
None

Мерекелік жиналыс «Түркістан» жаңа салтанат сарайында өткізілді. Бұл атаулы күні мұнда 1400 адам жиналды. Олардың арасында облыс басшылары, басқарма бастықтары, қоғамдық қайраткерлер, еңбек және соғыс ардагерлері, мектеп мұғалімдері, дәрігерлер, кәсіпкерлер, шаруалар және аймақтың басқа да құрметті тұрғындары болды. Салтанатты шара театрландырылған қойылымнан басталды. Одан кейін сөз сөйлеген облыс әкімі Асқар Мырзахметов: «Біз экономикасы тұрақты және жоспарлары үлкен мықты мемлекетте тұрып жатырмыз. Оңтүстікқазақстандықтардың олардың іске асырылуына қосып отырған үлесі көп», - деді.

Салтанатты шарада аймақтың дамуына үес қосқан оңтүстікқазақстандық тұрғындар орден, медаль және грамоталармен марапатталды. Танымал жазушы Мархабат Байғұтқа «Парасат» ордені берілді. «Бұл мен үшін үлкен награда. Менің еңбегім осыншама жоғары бағаланғаны қуантады. Біздің еліміз осындай дәрежеге Президентіміздің арқасында жеткенін айтқым келеді. Қазақстанда тұрғанымды мақтан етемін және Отанымның игілігі үшін жұмыс істей беремін», - деді Мархабат Байғұт.

Барлығы 60-қа жуық оңтүстікқазақстандық азамат марапатталды. «37 жыл бойы Шардара орталық ауруханасының медбикесі болып істедім. «Шапағат» медалін алғаныма қуаныштымын. Тәуелсіз еліміз адамның жұмыс істеуі үшін, ең бастысы, өз ісін сүйюі үшін мүмкіндіктер беруде», - деді Әлия Жүсіпбекова.

Марапаттаудан кейін мерекелік бағдарлама жалғасты. «Түркістан» жаңа салтанат сарайының сахнасында облыстың танымал вокалшылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар