Тәуелсіздік күніне орай Бұқпа тауының баурайында бүркітшілер бас қосты - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Бұқпа тауының баурайында Тәуелсіздік күні мен жерлесіміз атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған құсбегілер арасында республикалық чемпионат өтті.
None
None

Астана қаласы және Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Ақмола облысының бүркітшілері құстың бабын келтіру, қолға шақыру, еркін ұшыру, шырғаға, қоянға, түлкіге салудан сынға түсті.

Бұл бәсекелерде Астана қаласының намысын қорғаған Серікбек Күнтуған жеңімпаз атанды. Ал, екінші және үшінші орындар Атырау облысы және Елорда өкілдеріне бұйырды.

Соңғы жаңалықтар