Тәуелсіздік күніне орай елорда ауруханаларында бірқатар тегін қызметтер көрсетіледі
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 12 желтоқсанда №5 емханада және №1 қалалық балалар ауруханасында Ашық есік күні өтеді.
12 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында №6 қалалық емханада мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арналған «Ана жүрегі» акциясы өткізіледі.
Шараның мақсаты - осы санаттағы балалар мен олардың отбасыларының мүшелерінің психоэмоционалдық жағдайларының бұзылуының алдын алу, сонымен қатар, бала туатын жастағы әйелдерде түрлі ауруларды ерте анықтау.
Тәуелсіздік күніне орай барлық қалалық медициналық мекемелерде салтанатты жиналыстар, мерекелік концерттер, сурет байқаулары өтеді, ал 10-16 желтоқсан аралығында №5 емханада режиссер Рустем Әбдірашевтың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты фильм мен желтоқсан оқиғасы туралы бейнероликтер көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.