ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ: Біздің Қазақстанымыз одан әрі дамып, зор табысқа жетуін тілеймін - Индира Хафизова

ТРОПАВЛ. 16 желтоқсан /Сергей Кузнецов/ - Петропавл өнер колледжінің 2 курс оқушысы Индира Хафизова - Тәуелсіздік құрдасы, ол 1991 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген. Сөйтіп ол қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеп жатқан күні өзінің 20 жасқа толуын атап өтуде.
None
None

Ол қазіргі Қазақстан және өзінің арман-мұраты жайлы ҚазАқпарат тілшісіне әңгімелеп берді.

- Индира, өзің туралы, өзінің мақсат-мұраттарың жайлы айтып берші?

- Біздің №10 мектепте әртүрлі сурет, би және басқа да үйірмелер болды. Мектепте «Дружные ребята» атты би ансамблі де болатын, менен анам бимен айналысқың келе ме, деп сұрады. Мен «Жоқ, мен ол маған ұнамайды» дедім. Мен сурет салуды ұнататынмын, 8 жасымнан бастап сурет сала бастадым. Бұл талабым өзіме ұнайтын. Сондықтан да көркемсурет лицейіне жазылдым. Онда жеті жыл, 9-сыныпқа дейін оқыдым. Менің алдымда өмір жолымды таңдау мәселесі тұрды. Мен, асылы толық орта білім алғаным дұрыс болар деп шештім.

Мектепті бітіргеннен кейін ҰБТ тапсырып, жақсы баллмен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің музыкалық-педагогикалық факультетіне түстім, «дизаин» мамандығына үздік оқыдым. Бірақ та бір жылдан кейін оқуды тастап кеттім, өйткені бұл кәсіп мені қызықтырмады. Содан кейін өнер колледжінде түскенде, бұл менің таңдауым екеніне көзім жетті. Мұнда сурет салу, кескіндеме, өнер тарихы, композиция сияқты пәндерді қызыға оқыдым, әртүрлі көркемсурет бағыттарында машықтана бастадым.

Сурет салумен айналыса жүріп, өнер колледжінде әртүрлі конкурстарға қатыстым. Биыл коллежде «Туған өлке» атты менің алғашқы көрмем ашылды. Ал қазан айында Алматыда өткен «Самғау-2011» алғашқы халықаралық конкурсына қатысып, ІІІ жүлделі орынға ие болдым. Біздің колледж Гран-приге ие болып, Қазақстандағы таңдаулы атанды. Мен өзімді қолдап, демеп отырған анама, белгілі бір шығармашылық табыстарға жетуіме жетелеген тәлімгерлерім Анатолий Михаилович Тюринге, Людмила Владимировна Агатычқа және Лидия Васильевна Гиркоға үлкен алғыс айтамын. Мүмкін болашақта атақты сурет болып шығармын. Суретшілерден маған Айвазовскийдің, Суриковтың, Левитанның және басқа да көптеген ұлы суреткерлердің картиналары ұнайды.

- Сурет өнерінен басқа тағы қандай нәрселерді ұнатасың?

- Ең бастысы, мен үшін, әрине, сурет өнері, дегенмен мен әсіресе классикалық әдебиеттерді оқығанды ұтатамын. Бұл бір жағынан болашақта өз мамандығымды дамыту үшін де қажет. Егер жазушылар және олардың шығармалары туралы айтар болсам, маған Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романы, Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясы ұнайды. Классикалық және осы заманғы фильмдерді де ұнатамын.

- Қалай ойлайсың, бүгінде Қазақстанда білім беру саласында барлық жағдай жасалған ба, әлде проблемлар бар деп санайсың ба?

- Қазақстанда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған, ал проблемалар туралы айтар болсақ, әсіресе кәсіптік білім беруге назар аудару қажет сияқты, әсіресе шығармашылықты дамыту бағытында. Мәселен, біздің қалада бір ғана шығармашылық оқу орны - біздің өнер колледжі ғана бар. Осындай оқу орындары көп болса, ата-аналар балаларының қабілет-дарынын ашу үшін балаларын сонда оқуға берер еді. Біздің қаламызда өнер саласында болсын, басқа да тақырыптарда көрмелер көбірек ұйымдастырылса, деп ойлаймын.

- Индира, сен осы заманғы жас адамсың, өз ішкі әлемің бар, сенің пікіріңше, Қазақстан қалай дамып келеді?

- БІздің еліміз дәйекті, жақсы дамып келеді, ілгерілеушілік бар. Біз өз дамуымызды бастағанымызда талай қиыншылықтар болғанын білемін, олардың бәрі артта қалды. Қазақстан жаңа белестерге қарай алға басып келеді, мен соған қуанамын.

- Тәуелсіздік мерекесі күні өзіңнің құрдастарыңа, құрбыларыңа қандай тілек айтасың?

- Барлығына да мықты денсаулық, бақыт, игілік, барлық армандарының орындалуын тілеймін. Біздің Қазақстанымыз өркендей берсін, әлемде тыныштық болсын!

Соңғы жаңалықтар