ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ: Үш тілді білемін, екі жоғары білім алғым келеді және де мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істесем деймін - ПМУ-нің студенті Жайнагүл Ибраева

ПАВЛОДАР. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан тәуелсіздігінің құрдасы, Павлодар мемлекеттік университетінің 2-ші курс студенті Жайнагүл Ибраева 15 жасынан бастап болашақта қаржыгер-экономист болатынын білген.
None
None

Жастардың көбісі бухгалтерия саласын қызық емес, іш пыстырарлық мамандық деп ойлайды. Ал сіз бұған қалай қарайсыз деген ҚазАқпараттың сұрағына Жайнагүл «жоқ, мен олай ойламаймын, бұл менің таңдауым» деп жауап берді. Ата-анам менің дәрігер болуымды қалады, алайда мен өз таңдауымнан бас тартқан жоқпын. 9-шы сыныпты бітіргеннен кейін Павлодардың экономикалық колледжіне түсіп, «экономика және аудит» бойынша білім алдым. Ал қазіргі уақытта университетте, қаржы-экономикалық факультетінде білім алып жатқан жайым бар.

- Сіз «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіз, егеменді тәуелсіз мемлекетте өмір сүру деген қандай мағынаны білдіреді?

- Менің ата-аналарым Кеңес заманында қазақ тілінде оқуға мүмкіндіктер аз болды деген, жоғарғы оқу орындарында ұлттық топтар аз болған көрінеді. Ал мен қазақ мектебін бітірдім, қазіргі уақытта да қазақ бөлімінде білім алып жатырмын. Мен үшін мемлекеттік тілім бар елде тұрып жатқаным маңызды.

- Сіз орыс тілінде жақсы сөйлейсіз, ағылышын тілін де жетік меңгергенсіз бе?

- Иә, жаман емес. Тілдерді білу адамның мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондықтан да Президенттің 3 тұғырлы тіл саясаты маған жақын.

-Болашаққа деген жоспарлаңызбен бөліссеңіз...

-Мен алдымен университетті, кейін магистратураны аяқтағым келеді. Сондай-ақ мемлекеттік басқару бойынша екінші жоғары білімді алсам деген жоспарым бар. Мені мемлекеттік қызмет қызықтырады. Жалпы өмірде көп жетістіктерге қол жеткізссем деймін.

-Ата-анаңыз бұл жоспарлаңызды құптай ма?

-Әрине, олар да жоғары әрі сапалы білімге ие болу маңызды деп санайды. Менің әпкем университетте оқиды, болашақ заңгер. Ал кіші сіңілім дайындық сыныбында. Негізі мен Қазақстанның жоғары дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін адамдардың барлығы білімді болуы тиіс деп ойлаймын. 20 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік, алайда біз бәріміз бірігіп еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне атсалыссақ деймін.

- Жуырда елімізде жергілікті мәслихаттың, Парламент Мәжілісінің сайлауы өтеді. Біз куә болып отырғандай, жастар онша белсенділік танытпайтын сияқты...

- Мен әрдайым сайлауға қатысамын, және де менің дауысым сияқты әр азаматтың дауысы маңызды деп ойлаймын. Егер де таңдау еркі берілсе, мұны пайдалана білу керек. Осыдан да әрқайсымыз еліміздің бір бөлшегі болып саналамыз.

- Сіздің уақытыңыздың көбі оқуға кетеді екен, оқудан басқа қандай нәрселерге қызығасыз?

- Мен қолданбалы өнерге қызығамын, бала кезімде сурет салу үйірмесіне қатысқан едім. Қолымның бос кезінде кестелегенді ұнатамын. Биссерден түрлі-түрлі бұйымдар мен заттар жасаймын.

-Әңгімеңізге рахмет.

Соңғы жаңалықтар