Тәуелсіздік құрдасы: Елбасыға ұқсағым келеді

Кейіпкеріміз еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдың 19 наурызында дүниеге келіпті. Оның есімін сүйікті әжесі Гүлнәр Жағыпарова жақсы ырымға балап, Нұрсұлтан деп қойған. Бүгінде Көкшетау қаласындағы жергілікті БАҚ-тың бірінде жарнама менеджері болып қызмет істейтін ол өзін тәуелсіздіктің құрдасы әрі Елбасымен аттас екенін мақтан тұтады.
«Елімізде 1991 жылдан бастап Тәуелсіздік күнін тойланып келеді. Қазір Қазақстанды бүкіл әлем танып үлгерді. Сондықтан да тәуелсіздіктің құрдасы болғаным мен үшін үлкен абырой.», - дейді Н.Жағыпаров.
Кейіпкеріміздің Нұрсұлтан аталуының өзіндік сыры бар көрінеді.
«Кішкентай кезімде әжемнен естігенімді неге Нұрсұлтан қойғанын жиі сұрайтын едім. Әжем маған Президентіміз туралы жалықпай әңгімелеп, Нұрсұлтандай білімді, ел сыйлайтын азамат болсын деген ырыммен қойдым дейтін. Кейін өсе келе, көз жеткізгендей іңгәләп дүниеге келген кезімде әжем Гүлнәр Хамитқызы Елбасына арнайы хат жолдап, менің есімімді Нұрсұлтан деп қоюға ниет білдірген екен. Көп ұзамай Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құп көріп, жауап қайтарыпты», дей келе, кейіпкеріміз қазіргі кезде ата-анасы осынау хатты көзінің қарашығындай сақтап келе жатқандығын және Елбасыдай болмаса да, ұқсап бағуға тырысатын атап өтті.
«Жалпы есімімнің Нұрсұлтан болғанына қуанамын, мақтанамын. Мақсатым Елбасымызға ұқсап, мен де жүрген жерімде көшбасшы болғанды ұнатамын. Тәуелсіз ел болуға тұңғыш Президентіміздің еңбегі зор. Елбасымыз әр кезде жастарға қамқор, үнемі көңіл бөліп отыратыны қуантады, - деді Н.Жағыпаров.