14:05, 13 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Целиноград ауданында 10 нысан пайдалануға берілді - ФОТО
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақмола облысы Целиноград ауданында 10 нысан пайдалануға берілді.
Оның төртеуі Тайтөбе, Қажымұқан, Қызылжар, Новоишимка ауылдарында орналасқан бала бақшалар. Тайтөбе және Қажымұқан ауылдарындағы балабақшалар 140 балаға арналған болса, Қызылжар, Новоишимкадағысы 100 және 220 орындық, қазіргі заманғы талаптарға сай жабдықталған.
Қоянды ауылында ТКШ саласында екі нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, мұнда тұрғын үй құрылысы және сумен жабдықтау нысандарына ұзындығы 50 шақырым электртарату желісі іске қосылды. Жақын күндері Ақмол селосында 36 адамға жаңа пәтердің кілтін тапсыру және "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратын іске қосу жоспарланған.