Тәуелсіздік мерекесіне орай Қармақшы ауданында жаңа емхана ашылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Қармақшы ауданында 250 келушіге арналған емхана ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Өткен жылы құрылысы басталған емхана уақтылы әрі сапалы түрде аяқталды. Заман талабына сай жабдықталған аудандық емхана тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында салынған.

- Басты байлық саналатын денсаулықты нығайтудағы жұмыстар жалғасуда. Дәрігерлер үшін жұмыс жасауға емханада барлық жағдай жасалған. Ақ халаттылардың міндеті әрбір тұрғынға жылы қабақ танытып, сапалы қызмет көрсетулеріңіз керек. Қуаныштарыңыз құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жалпы, емхана соңғы үлгідегі медициналық технологиямен жабдықталған. Енді тұрғындар толық тексеруден өту үшін облыс орталығына қатынап әуер болмайды.

Соңғы жаңалықтар