Тәуелсіздік сарайында Түркі әлемі сәулетшілері мен қала құрылысшыларының ІІІ-ші құрылтай форумы өтіп жатыр

амырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында Түркі әлемі сәулетшілері мен қала құрылысшыларының ІІІ-ші құрылтай форумы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің 30 елінен жиналған сәулетшілер қауымы 100-ден астам инженерлік және ғылыми тұрғыда бекітілген жобаларды ұсынып отыр.

Бүгін түстен кейін құрылтайдың жалпы мәжілісіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдолла Гүл қатысады деп күтілуде.

Түркия Президенті А. Гүлдің Қазақстандағы 4 күндік ресми сапары 23 мамырда Оңтүстік Қазақстаннан басталған болатын.

Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Түркі әлемі сәулетшілерінің құрылтайы жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

«Талқылаулар, шығармашылық ізденістер түркі өркениетінің ортақтастығын білдіреді. Бірлескен ізденістер түркі дүниесінің өзіндік ерекшелігін сақтауға және дамытуға серпін береді», деді И. Тасмағамбетов.

Түркия инженерлер мен сәулетшілер одағының төрағасы Ілияс Демереджидің айтуынша, үш күн бойы көрнекті ғалымдар мен мамандар түркі әлемінің сәулет өнері мен қала құрылысының технологиялық ілгерілеулері туралы біздерді хабардар етпек. Осы форумға сондай-ақ Түркияның Ыстамбұл қаласының мэрі Қадыр Топбаш қатысуда.

Соңғы жаңалықтар