«Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан Республикасы» 50 томдығы рухани, идеологиялық, саяси маңызы бар еңбек - М.Әшімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының және «ERG Көмек» қайырымдылық қорының көмегімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай жарық көрген «Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан Республикасы» 50 томдық тарихи-деректі еңбектің кезекті 10 томы - бұл үлкен рухани, идеологиялық, саяси маңызы бар еңбек. Бұл туралы кітаптың таныстырылымында Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев әңгіме козғады.
None
None

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен үлкен іс-шара жүзеге асып, тарихи томдардың тұсаукесеріне бәріміз жиналып отырмыз. Бұл томдықтар үлкен рухани, идеологиялық, саяси маңызы бар еңбек деп айтсақ артық болмайтын шығар. Жалпы, Тәуелсіздіктен артық әрбір қазақстандық үшін ешқандай құндылық та, ұғым да, дүние де жоқ», - деді ол. М.Әшімбаевтің айтуынша, Тәуелсіздік - қазақстандықтардың негізгі, басты байлығы. «Тәуелсіздігімізді күшейту үшін, тұғырын бекіту үшін, бостандығымыз баянды болуы үшін үлкен еңбектер жасалды. Елбасымыздың жасаған әрбір қадамы, әрбір шешімі - үлкен тарих. Осының бәрін сараптап, бәрін жинап, бәрін жүйелеп жүрген Мырзатай (М.Жолдасбеков) ағамыз. Үлкен идеологиялық жұмыс жүргізу барысында мұндай еңбектердің маңызы зор», - деп алғыс білдірді М. Әшімбаев. Сондай-ақ ол мұндай еңбектердің ұрпаққа ұлы ұлағат болып қалатындығын тілге тиек етті. «Ішінде нешеме фактілер, ақпараттар жүйеленген, жиналған. Осымен шектеліп қалмай, томдардың саны 300-ге жетуі де ғажап емес. Осы орайда, үлкен еңбектер жазылар. Тәуелсіз Қазақстан шежіресінің атасы Мырзатай (М.Жолдасбеков) атамыз. Бұл осы 50 томмен тоқтамас, өзіңіз айтып отырғандай, әлі де тарихтан таса қалған дүние көп», - деді М.Әшімбаев. Айта кетейік, бүгін «Нұр Отан» партиясының және «ERG Көмек» қайырымдылық қорының көмегімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан Республикасы» 50 томдық тарихи-деректі еңбектің кезекті 10 томының тұсаукесері өтті.

Соңғы жаңалықтар