Тәуелсіздік туралы 20 дерек: 2004 жыл. Дамудың негізгі басымдығы
«Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу - негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi.
Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз. Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм. Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан - инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы Жолдауында.
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда Сіздің өміріңізде қандай өзгерістер орын алды, 2004 жылы қалаңызда, ауылыңызда қандай қызықты оқиғалар болғаны, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы айтыңыздар. Жоба аяқталған соң үздік пікір білдіргендерге бағалы сыйлықтар дайын.
«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 танысыңыздар.