15:27, 08 Қараша 2011 | GMT +5
Тәуелсіздік туралы 20 дерек: Еліміздің бас мерекесі!
ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - «Құрметті достар! 27 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында тәуелсіздік тойы қарсаңында «Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасы басталды. 2011 жыл - Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи меже, өткен жиырма жылдың қорытындысын шығаратын, кемел келешекке көз салатын кезең.
Жоба аясында Қазақстан туралы қызықты деректермен танысыңыздар: еліміздің тарихы, Тәуелсіздіктің естелік даталары және тағы басқа көптеген жайттардан мағлұмат алыңыздар», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Facebook сайтындағы «Тәуелсіздік туралы 20 дерек» айдарында.
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда өз өміріңізде қандай өзгерістер орын алды, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы айтыңыздар. Жоба аяқталған соң, үздік пікір білдіргендерге кәде-сый дайын.
«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz танысыңыздар.