ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: Әлемге қазақты рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын - Б. Мәстеков

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бірлігі мен берекесінің арқасында күн сайын түрленіп жайнаған жас мемлекетіміздің болашағы баянды боларына біздің сеніміміз мол, дейді «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мәстеков.
None
None

«Қысқа ғана уақыт өтсе де, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетуіміздің басты себебі бұл халқымыздың бірлігінде екені бесенеден белгілі. Бізді біріктіретін бір тағдыр, бір Отан, дана Елбасымыз бар біз бақытты ұрпақпыз, өйткені ата-бабаларымыз арман еткен тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында, біз еркін білім алып, өңіріміздің қоғамдық- саяси өміріне белсене араласып, қалаған ісімізбен еркін айналысып келеміз.

Бұл өз кезегінде, Елбасы салған «Нұрлы жолмен» еліміздің басты бағыты Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруда жастарға артылған сенім мен қолдау деп білемін. Ұлттық қасиетіміз бен ұлы құндылықтарымызды ұлықтайтын, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Барша Қазақстандықтарды ұлттымыздың ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні мерекесімен Сыр жастарының атынан құттықтаймын», - деді сөз соңында Б. Мәстеков.

Соңғы жаңалықтар