ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: Тәуелсіздік жылдарында еліміздің медицина саласы түбегейлі өзгерді - М.Беғалиев
«Тәуелсіздік жылдарында медицинада барлығы түбегейлі өзгерді. Қаншама аурухана, емхана, перзентханалар салынды. Кеңес жылдары шымкенттіктер бұл туралы армандай да алмайтын», - дейді ол.
Оның айтуынша, бұл кезеңде медициналық мекемелердің материалдық базасы күшейе түсті. «Жаңа, қымбат жабдықтар сатып алынды. Мысалы, 2000 жылға дейін Шымкентте тек бір компьютерлік томограф бар болса, қазір олардың саны төртеу. ОҚО-ның аудандарында да сонша томограф бар. Басқа жабдықтарды айтпай-ақ қояйын. Егер бұрын осындай дәрежеге жете алмасақ, қазіргі кезде бауыр мен бүйректі ауыстыру отасын жасай аламыз. Шымкенттік дәрігерлер оны армандай да алмайтын. Оған тек Мәскеу, Киев, Ленинград сияқты ірі қалаларда ғана қол жеткізу мүмкін еді. Қазіргі кезде күрделі оталар облыс орталықтарында да жасалады», - деген пікірін білдірді М.Беғалиев.