Тәуелсіздік жылдары Атырау облысында 12 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметіне сүйенсек, Тәуелсіздіктің 30 жылында өңірде оң өзгерістер мен әр саладағы даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған.
«Мәселен, Тәуелсіздік жылдары жұмыссыздық деңгейі 15,5 проценттен 4,9 процентке дейін төмендеді. Облыс аумағында 30 жылда 3 мың 900 шақырым газ желісі, 2,5 мың шақырым ауыз су желісі тартылды. Орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 35-тен 99 процентке дейін артты. Сондай-ақ, 30 жылда 12 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, салаға 640 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды», - дейді Махамбет Досмқхамбетов.
Әкімнің айтуынша, өңірде 2 200 шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, кейбір бөлігі күрделі жөндеу өткен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қырымбек Көшербаев Атырау облысының бір топ азаматына мемлекеттік наградаларды табыстаған болатын.