Тәуелсіздік жылдары елімізде 2,5 мың шақырым жаңа теміржол салынған

Айталық:
- Ақсу-Дегелең (187 км) - 1998-2001 жж. (Павлодар облысы);
- Хромтау-Алтынсарин (403 км) - 2002-2004 жж. (Ақтөбе, Қостанай облыстары);
- Шар-Өскемен (151 км) - 2005-2008 жж. (Шығыс Қазақстан облысы);
- Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара (146 км) - 2009-2012 жж. (Маңғыстау облысы);
- Жетіген-Қорғас (293 км) - 2009 - 2012 жж. (Алматы облысы);
- Жезқазған-Бейнеу (1036 км) - 2012 - 2015 жж. (Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары);
- Арқалык-Шұбаркөл (214 км) - 2012 -2015 жж. (Қарағанды, Қостанай облыстары);
- Боржақты - Ерсай (14 км) 2014 - 2016 жж. (Маңғыстау облысы).
Осы орайда айта кету керек, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Алматы және Жамбыл облыстарында Шу - Алматы (110,7 км) учаскесіндегі екінші жолдың құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаның құрылысы 2017 жылы аяқталатын болады.