Тәуелсіздік жылдары ішінде Атырау облысында 770 жаңа мектеп салынды

2010 жылы өңірде 2482 орынға арналған 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді, 92 білім ошағы жөндеуден өткізілді. Атырау облысында мектептер Интернет желісіне 100 пайыз қосылған. Бүгінде мектептердің 72 пайызы жоғары жылдамдықты Интернетке қосылса, мектептердің тағы 80 пайызында интерактивті жабдықтар орнатылған. Облыс бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 2009 жылғы 74,4 баллдан 2010 жылы 84,8 баллға дейін өсті.
Жас мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасының аясында 2010 жылы ауылдық жерлерде 9,7 млн. теңге бөлінді, оның 5,9 млн. теңгесі - 59 жас мұғалімге арналған демеуқаржы жәрдемақысы. Соңғы екі жылда 322 педагог пәтермен қамтамасыз етілді.
Өңірде балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу көрсеткіші 48 пайыздан 67 пайызға дейін артты (31,5 мың бүлдіршіннің 21 мыңы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отыр). Мұның бәрі жалпы сыйымдылығы 2500 орыннан асатын жаңа балабақшалар мен шағын орталықтардың салынуының арқасында мүмкін болып отыр.