10:50, 16 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында үлкен табыстарға қол жеткізді - Тәжікстан Президенті
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Мемлекет басшысын және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады. ҚазАқпарат құттықтау мәтінін таратады.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сізді және достас Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында Сіздің көшбасшылығыңызбен үлкен табыстарға қол жеткізді, халықаралық аренада өз абырой-беделін бекітіп, биіктете түсті. Дәстүрлі достық рәуіштегі және өзара тиімді тәжік-қазақ қарым-қатынастары келешекте де екі ел мен халық игілігіне қызмет ете беретініне сенімдімін.
Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бақыт және мықты денсаулық, ал достас Қазақстан халқына - жақсылықтар мен өркендеу тілеймін!