13:52, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Тәуелсіздік жылдарында ақпарат пен байланыс саласында өте мықты кадрлық құрам қалыптасты - Д. Абаев (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында ақпарат пен байланыс саласында өте мықты кадрлық құрамды қалыптастырдық. Бұл туралы бүгін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

«Байланыс саласында ауқымды сапалы жұмыс атқарылды. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және жоспарлы түрде сандық Қазақстан бағытына жылжимыз», - деді Д. Абаев.
Осы ретте ол бүгінде шалғай елді мекендерде инновациялық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыра отырып, пошта байланысы бөлімшелері қала мен ауыл арасындағы басты байланыстырушы буынға айналғанын атап өтті.
«Осы жетістіктердің барлығы қазақстандық байланыс қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен ынтасынсыз мүмкін болмас еді. Тәуелсіздік жылдарында біз ақпарат пен байланыс саласында өте мықты кадрлық құрамды қалыптастыра алдық», - деп қосты Д. Абаев.