Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық ғылым үшін көп жұмыстар атқарылды - Н.Назарбаев

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - «2012 жылы мемлекеттің ғылым саласындағы барлық қаржыландыру шараларының көлемі 42 миллиард теңгені құрайтын болады. Бұл осыған дейінгі үш жылмен салыстырғанда екі есеге көп»,-деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғалымдарының форумында.
None
None

Мемлекет басшысының сөзінше, алдағы үш жылда ғылым саласына деген шығыстар 118 миллиард теңгені құрайтын болады. «Қазақстан ешқашанда ғылымға осыншама көлемде қаржы жұмсаған емес. 1997 жылдан бастап, ғалымдардың жалақылары 10 есеге артты. Менің тапсырмаммен дайындалып, қабылданған «Ғылым туралы» заң біздің ғылымымызды жаңғыртудың құқықтық негіздерін қалайды.

Біз қазақстандық ғылымды әлемдік қоғамдастыққа бірте-бірте ықпалдастырудамыз. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық деңгейдегі жарияланымдардағы белсенділіктері 3 есеге артты.

Біз ғылыми дисссертациялар мен ғалымдардың біліктіліктерін қорғаудың халықаралық жүйесіне көштік. Сондай-ақ елдегі жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациялау үдерісі үдей түсуде. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық ғылым үшін көп жұмыстар атқарылды»,-деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, ғылымда біздің экономикамыз бен қоғамымыздың шешуші бағыттары мен тетіктерін анықтаудың маңызы зор. «Мен дисссертацияларды қорғау мәселесінің сынға ұшырағанын білемін. Елде 200-ден астам ғылыми кеңестер кандидаттар мен ғылым докторларын бірінен соң бірін шығарып жатты. 60 кандидаттың, 40 доктордың біреуі ғана ғылым саласына барды. Есесіне барлық шенеуніктер мен депутаттар ғылым докторы атанды, ғылымда мұндайға жол беруге болмайды»,-деді Президент.

Соңғы жаңалықтар