20:50, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Тәуелсіздік жылдарында Жамбыл облысында ҮЕҰ-дың саны 40 есе артқан
елтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тәуелсіздік жылдарында Жамбыл облысында үкіметтік емес ұымдардың саны 40 есе артқан. Бұл туралы «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы - 20 жұлдызды күн» акциясы аясында Тараз қаласындағы қалалық мәдениет үйінде «Азаматтық қоғам институттарының дамуы - Қазақстанның гүлденуі» атты облыстық конференцияда сөз болды.

«Жамбыл облысында өткен ғасырдың 90 жылдарында үкіметтік емес 16 ұйым болса, бүгінде оның саны 600-ге жетіп отыр», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Төлепберген.
Конференцияға қатысушылар еліміздің қоғамдық өмірінде ҮЕҰ-ның рөлі жайында айтып берді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайтын, ұлттық мәдениетті қалыптастыратын және де экологияның мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері атсалысты.
Ең үздік ҮЕҰ-дар Жамбыл облысы әкімінің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.