Тәуелсіздікпен бірге біздің өмірімізге бейбітшілік, тыныштық, қоғамдық келісім сияқты ұғымдар енді - С. Рақымжанов

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні бүкіл қазақстандықтар үшін басты мереке болып табылады, деп санайды Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласының тұрғыны, өртке қарсы қызмет майоры Бекзат Рақымжанов.
None
None

«1991 жылғы 16 желтоқсанда ХХІІ сайланған Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады. Нақ осы күні халқымыздың барлық ұрпақтарының асқаралы арманы орындалды, ежелгі қазақ жерінде жас мемлекет жарияланды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Жарлыққа қол қойды, елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды», - деп атап өтті ол.

Тәуелсіздік - біздің халқымыздың еркін және лайықты өмірінің кепілі, деп пайымдайды ол.

«Нақ осы тәуелсіздікпен бірге біздің өмірімізге бейбітшілік, тыныштық, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік сияқты ұғымдар енді. Бүгінде Қазақстанның әрбір тұрғыны болашағына сеніммен қарайды, өз елін мақтан етеді, Қазақстан Республикасының азамат ы болғанын мақтаныш тұтады», - деп атап көрсетті Б. Рақымжанов.

Соңғы жаңалықтар