Тәуелсіздіктің 18 жылдығына орай «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы салтанатты қабылдау өткізді

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы «Дипломат» қонақүйінде Тәуелсіздіктің 18 жылдығына орай «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы салтанатты қабылдау өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға «Атамекен» палатасының мүшелері болып табылатын бизнес қауымдастықтардың жетекшілері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты рәсімде «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев барлық әріптестерін мерекемен құттықтап, бірқатар қауымдастықтардың белсенді басшыларына төсбелгілер тапсырды.

А.Перуашев кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жасап, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы байланыстың нығаюына әсер еткен үкіметтік органдардың басшыларына - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіхалықоваға, Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашевке, Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожинге, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетовке Ұлттық палатаның арнайы белгілері мен ұйымның «Атамекен» атты медалін тапсырды.

«Атамекен» Одағы биыл біраз істерді атқарды. Мәселен, кәсіпкерлердің өзекті проблемаларын анықтап, оларды Үкіметпен бірге шешуге жағдай жасау, отандық бизнесті елдің экономикалық және индустриялдық бағдарламаларының жобаларына қатыстыру, заң жобаларын саралау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, Елбасының әлеуметтік-экономикалық саясатын қолдау мақсатында кәсіпкерлік қауымдастықтардың ықпалдастығын тереңдету ісінде қыруар жұмыстар жасалды», деді А.Перуашев.       

Соңғы жаңалықтар