Тәуелсіздіктің 20 жылдыған жүрегі «елім» деп соққан әрбір азамат қуанышпен қарсы алуы керек - Астана қалалық ІІД-нің Ардагерлер алқасының төрағасы

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ішкі істер саласының ардагерлері мен студент жастар арасында кездесу өтті,

деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

Д.Қонаев атындағы менеджмент және бизнес колледжінің студенттері ішкі істер органының ардагері қалалық Ішкі істер департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Қарабайұлымен кездесті. Ардагер студент жастарды биылғы жылы еліміз атап өткелі отырған айтулы мереке Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, тарих беттерінен сыр шертті. Ол жастарды еліміздің қалыптасу тарихымен қатар ішкі істер саласы қызметінің қыр-сырлары жөнінде әңгімелеп берді. Сонымен қатар Е.Қарабайұлы қызмет бабында қаза болған тәртіп сақшыларының ерлік істері мен қоғамдық тәртіпті қадағалаудың қаншалықты қиын. Күрделі соған қармастан абыройлы іс екендігін айтты, отанды қорғау, елді қорғау әрбір қазақстандық азаматтың борышы болуы керектігін айтты. Бұған қоса ол 130-дан астам ұлттың басын біріктіріп, мамыражай тірлік кешіп отырған Қазақстан үшін де, адамзат үшін де бейбіт өмірдің қаншалықты маңызды екендін атап көрсетті. «Тәуелсіздіктің 20 жылдыған жүрегі «елім» деп соққан әрбір азамат қуанышпен қарсы алуы керек. Біз қашанда тәуелсіздігіміздің жолында, Отанымыз мен бейбіт өміріміздің долында мерт болған азаматтарды құрмет тұтып, қастерлеуіміз керек»,-деді ардагер.

Соңғы жаңалықтар