Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 10 мың теңге «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды

Дүниежүзінің банкнота жинаушыларының тәуелсіз бірлестігі жыл сайын үздік банкнотаны өздерінің theibns.org. сайтында интернет-дауыс беру арқылы анықтайды. Бүгінгі таңда оның 90-нан астам елдің сарапшыларынан 2 мыңнан астам мүшесі бар
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең жоғары номиналды бұл банкнотаның дизайнын Ұлттық банк дизайнерлері шетелдік әріптес De La Rue компаниясымен бірлесіп жасады. Ол ҚР-ының Ұлттық банкінің банкнот фабрикасында 2011 жылдың шілдесінде басып шығарылды. Банкнотаның бет жағында Астана қаласының он жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған «Қазақ Елі» монументі, төменгі оң бөлігінде үйлесімді, бейбітшілік пен келісімді білдіретін ұшып жүрген көгершіндер бейнеленген.
Қазақстан банкноталары бұған дейін де бірнеше мәрте халықаралық наградалармен марапатталған болатын. Мәселен 2007 жылы Ұлттық банк банкноталарының жаңа сериясы Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) тағайындаған, жылдың үздік жаңа сериясы жүлдесін және Бангкокта «Optiks» элементі бар номиналы 10 мың теңгелік банкнота «Ең үздік жаңа банкнота» аталымында бірінші орынға ие болды. Ал 2008 жылы теңгенің 15 жылдығына арналған номиналы 5 мың теңгелік банкнотада «SPARK» қорғаныш элементі үздік деп танылды.