Тәуелсіздіктің 20 жылдығына облыс әйелдері де үлес қосады - БҚО

Л. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 11 ақпанда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Әйелдердің үлесі» атты облыстық конференция болды.
None
None

Жиынды облыс әкімінің орынбасары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Серік Сүлеймен сөз сөйлеп ашты. 2004 жылы қабылданған «Гендерлік теңдік стратегиясы» аясында жүргізіліп отырған жұмыстар нәтижесінде бүгінде биліктегі әйелдердің үлесі облыста 16,1 пайызды құрап отыр. «Елбасы саясатына байланысты атқарылып жатқан келелі істердің, мәдени-экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік шаралардың басы-қасында жүрген әйелдер отбасының да ұйытқысы болуда», деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары. Әйел мойнына жүктелген азаматтық борыш, адами міндет туралы ақын Ақұштап Бақтыгерева, әйелдер күшімен атқарылып жатқан игі істер барысы жөнінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Светлана Әлмұханова, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директорының орынбасары Алтынай Хайырлиева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы Әлия Райымқұлова өз ой-пікірлерін жеткізді.

16 ақпан - 1 наурыз аралығында «Әйелдер Елбасымен бірге» атты акция өткізілмек. Елбасы Жолдауын іске асыруда облыс әйелдері алда тұрған міндеттерді айқындап отыр. Сондай-ақ конференцияда 5 наурыз күні Астана қаласында Елбасының қатысуымен өтетін Қазақстан әйелдерінің съезіне облыстан 30 делегат сайланды. Олардың ішінде бүгінде билік басында жүрген аудан әкімдерінің орынбасарлары Меңзипа Жұматова мен Гүлнәз Құлжанова, ақын Ақұштап Бақтыгереева, педагогика ғылымының докторы, академик Шалқыма Құрманалина, кәсіпкер Валентина Михно және басқалар бар. Сондай-ақ жиында «Тілектер тізбегі» жобасы қабылданды. Оған еліміздің болашағы, қоғамдағы әйелдердің ролі, облыс әйелдерін толғандырып жүрген басқа да әлеуметтік сауал-тілектер жиналып, съезде Елбасына тапсырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар