Тәуелсіздіктің 20 жылдығында «Нұр Отан» партиясы елдегі жетекші саяси күштердің бірі болды - А.Мұсақожаева
Алда бізді сайлау күтіп тұр. Сондықтан билік партиясы алдағы сайлауларда да жеңіске жетіп, тұғырынан түспейді деген ойдамын»,-деді Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры Айман Мұсақожаева журналистермен болған брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде өнер, білім беру саласындағы жетістіктер «Нұр Отан» партиясы жүргізіп отырған саясаттың арқасы. Бұл партия бізге талантты жастарды іздеп, тауып оларды қолдауға да қолғабыс етіп отыр. Елде көптеген мәдениет және білім ошақтары да бой көтеруде. «Біз еліміздің аймақтарын аралап, өнер саласындағы ұлттық құндылықтарды кең көлемде насихаттай алып жүрміз. Осының барлығы да партия жүзеге асырып отырған саясаттың игілігі. «Нұр Отан» партиясы бұл бағыттағы жұмыстарды осыған дейін де жүргізіп келді, алдағы уақытта да жүргізетініне сенімдімін»,-деді ректор.
Айман Мұсақожаеваның пікірінше, бүгінде елімізде «Нұр Отанға» балама бола алатын партия жоқ.