Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде 222 жаңа мектеп салынды - ОҚО

Егемендік жылдарының ішінде аймақта 36 мың шақырым жол салынды. 2003 жылдан 2011 жылға дейін 5164 шақырым көлік жолдары жаңартылып, жөндеуден өтті. Бұған 90 млрд. теңге жұмсалды.
1991 жылдан бастап білім саласын қаржыландыру 107,7 млн. теңгеден 2010 жылы 122,3 млрд. теңгеге дейін өсті. 372 балабақша пайдалануға беріліп, олардың жалпы саны 638-ге жетті. 222 мектеп салынып, апатты және үш маусыммен оқытатын мектептердің мәселелері шешілді. Олардың барлығы ғаламторға қосылған.
Денсаулық саласын қаржыландыру көлемі 1991 жылы 58,8 млн. теңгеден 2010 жылы 21,5 млрд. теңгеге дейін өсті. 125 жаңа нысан салынды. Өмір жасының ұзақтығы 63,9 жастан 68,5 жасқа дейін көбейді. Ана өлімі үш есеге, сәби өлімі - шамамен екі есеге төмендеді. Шымкент қаласында жоғары технологиялық операциялар жасала бастады.