Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел алдында маңызды міндеттер тұр - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Президент Әкімшілігінің 2015 жылғы қызметінің қысқаша қорытындылары шығарылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел алдында маңызды міндеттер тұрғанын, оларды табысты жүзеге асыру көбіне-көп мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиналған қауымды алдағы Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті жұмыс және бақ-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар