Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай суреттерін патриоттық нақышта безендірген адамдар 100 мыңнан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай суреттерін патриоттық нақышта безендірген адамдар саны күн сайын артып келеді. Бұл туралы бүгін «25 жыл: Бір Ел. БірТағдыр» патриоттық интернет-акциясы бойынша Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «el.kz» қызметкері Айгүл Шерниязова мәлім етті.

«Бүгінде 25.el.kz сервсіміз арқылы 103 мыңнан астам аватар безендірілді. Акциямыздың географиялық аумағы күн сайын артып келеді. Қатарымызға АҚШ, Қытай, Нидерланд, Франция, Қырғызстан, Ресей секілді елдердегі қандастарымыз белсенді қатысуда. Ал Қазақстан қалалары бойынша Астана мен Алматы көш бастап келеді. Безендірілген аватарлардың 38 пайызы осы екі қалаға тиесілі»,-деді ол.

Сонымен қатар белсенділігі жағынан келесі орында Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының тұрғындары тұрған көрінеді.

А. Шерниязованың сөзіне қарағанда, акциямызға 18-35 жас аралығында жастар белсінді қатысуда. Сондай-ақ аға буын өкілдері да жаңа тренді жақсы қабылдап, қазіргі таңда 17 пайыздан астам пайдаланушылар 35 жастан асқан азаматтар болып отыр.

«Атап айтсақ, нәзік жандылар ер адамдарға қарағанда аватарларын екі есе көбірек безендіреді екен. Бүгінгі күні келіп түскен мәліметтер бойынша 68 пайызы әйелдер болса, 31 пайызы ерлердің үлесінде. Сонымен қатар пайдаланушылардың басым бөлігі біздің сайтқа ұялы телефон арқылы кіріп, безендіреді»,-деді ол.

Айта кетейік, 25.el.kz сервисінде 16 түрлі патриоттық нақыштағы логотип ұсынылған. Кез келген адам өзіне ұнағанын таңдап, суретін мереге орай безендіре алады.

Соңғы жаңалықтар