Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан тұрақты даму жолына нық қадам басты - СҚО әкімі
«Құрметті солтүстікқазақстандықтар! ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл еркіндікті және бірлікті сипаттайтын ұлық мереке»,- деді аймақ басшысы.
Әкім атап өткендей, «Тәуелсіздік алғанының арқасында Қазақстан берік және өркендеп келе жатқан мемлекет құрудың жолына нық тұрған елге айналды. «Саяси тұрақтылық, тиімді экономика және президентіміздің жаһандық бастамаларының арқасында әлемдік қауымдастық елімізге құрметпен қарайды. Мемлекеттігіміздің негізгі және берік іргетасы Елбасының басты саяси қағидасы - барлық қоғамдағы бейбітшілік пен келісім. Бұл құнды тәжірибе - біздің басты байлығымыз және жетістігіміз»,- делінген хабарламада. «Бүгінде мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асырып келеді. Ондағы негізгі инвестиция адамның өмір сүруі мен еңбектенуіне жақсы жағдай жасауға бағытталған. Халық елде болып жатқан оң өзгерістерді сезбей қоймайды. Солтүстікқазақстандықтар еліміздің өркендеуіне сүбелі үлесін қосады деген сенімдемін»,- деді Е.Сұлтанов.