Тәуелсізік белестері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік - кез келген халық үшін өте қадірлі ұғым. Азаттықты ғасырлар бойы аңсаған халқымыз былтыр асыл арманы орындалған ұлы күн - Ел тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Үш жүз жыл бойғы бодандық бұғауынан азат болған қазақ халқы тарих көшімен салыстырғанда қас-қағымдай осынау уақыттың төрткүл дүниеге танылды, әлем мойындаған егемен ел болды. Ежелгі қазақ даласында өзіне тән барлық институттары бар түбірінен жаңа демократиялық-құқықтық мемлекет құрылды.
None
None

Тәуелсіз Қазақстанның дүниеге келуінің ұлы шежіресі бірқатар тарихи кезеңдерден тұрады: 1990 жылдың сәуірі - Республика Президенті лауазымын тағайындау, 1990 жылдың қазаны - Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация, 1991 жылдың тамызы - Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және Республикалық егемен алтын-валюта қорын құру, 1991 жылдың желтоқсаны - алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау, мемлекетіміздің жаңа атауы туралы шешім қабылдау, 16 желтоқсан - «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды қабылдау, 1993 жылдың 15 қарашасы - ұлттық валютаны және қаржы жүйесін енгізу.

Еліміз Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басқан биылғы жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет аталып өткен жаңа мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күніне орай сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Тәуелсіздік жолындағы шежіреде Қазақстан халқы сол бір тағдыршешті кезеңде жүріп өткен үш шешуші тарихи белес айрықша маңызды. «Бірінші - біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі - Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қою. Ол сол сәттен бастап Қазақстанның бүкіл аумағында тек бір ғана юрисдикция - қазақстандықтардың өздерінің және туындап келе жатқан егемен Қазақстан мемлекетінің ерік-жігерінің іс-қимыл жасайтынын білдірді. Оған қоса Семей сынақ полигонын жабудың тек жалпыұлттық қана емес, сонымен бірге жаһандық та мәні бар.

Екінші белес - 1991 жылдың 1 желтоқсанында біздің халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы.

Бұл оқиғаның тарихи мәні мен патриоттық құндылығы көзге ұрып тұр және ешқандай талас тудырмайды.

Бұл күні Қазақстан халқы биліктің шынайы қайнар көзі болудағы, билікті қалыптастырып, оның саясатын айқындаудағы өзінің егемен құқығын алғаш рет жүзеге асырды.

Үшінші белес - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңның қабылдануы.

Бұл біздің халқымыз үшін ең басты тарихи, ұмытылмас оқиға болды. Біз бүкіл ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырдық. Бүкіл қазақстандықтардың ортақ еңбегімен бізге бұған дейін әлем картасында болмаған жаңа ұлы елді құру міндеті тұрды.

ХХI ғасырда біздің жерімізде экономикалық өсім жемістері азаматтардың басым көпшілігіне тиесілі болатын айрықша, топтасқан және динамикалық социум құру біздің тарихи миссиямыз болып табылды. Онда заң мен құқық тәртібінің үстемдігі қамтамасыз етілуі тиіс. Онда ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар инновациялық дамумен, Қазақстанның жаһандық және өңірлік интеграцияларға қатысуымен үндесе үйлесім табады.

Содан бергі өткен тәуелсіз дамудың жиырма жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасымыздың сындарлы саясаты мен ерен еңбегі арқасында саяси, экономикалық-әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық.

Соңғы жаңалықтар