Тәуелсіздік кезінде тәжіктердің табиғи өсімі жылына орта есеппен 2,4%-ды құрады

АСТАНА. KAZINFORM — Тәуелсіздік кезеңінде туу көрсеткішінің өсуі мен өлім-жітім деңгейінің төмендеуі есебінен халықтың табиғи өсімі жылына орта есеппен 2,4%-ды құрады. Бұл туралы «Ховар» агенттігі Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тәуелсіздік кезеңінде тәжікстандықтардың табиғи өсімі жылына орта есеппен 2,4%-ды құрады
Фото: ТР президенті жанындағы Статистика агенттігі

Сонымен бірге дереккөздің мәліметінше, осы кезеңде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жастан 76,3 жасқа дейін артқан.

Ел үкіметі халықтың денсаулығын сақтауды одан әрі жақсарту бойынша шаралар қабылдаған. Қазіргі уақытта «Тәжікстан Республикасы халқының денсаулығын сақтаудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы» жүзеге асырылып жатыр.

Ел халқының табиғи өсіміне қатысты Тәжікстан Республикасы президенті жанындағы Статистика агенттігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Тәжікстан халқының саны 2,1%-ға өскенін хабарлады.

Елдегі халық саны 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша туғандарды, қайтыс болғандарды және келгендерді есепке алғанда 10 млн 603,8 мың адамды құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,0%-ға өсіп, 98,9 мың адамға жетті, бұл 1000 адамға шаққанда 18,8 адамды құрады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында АХАТ органдары заңнамада белгіленген мерзімде 116,2 мың жаңа туған нәрестені және 17,2 мың өлімді, оның ішінде 0,8 мың 1 жасқа дейінгі балаларды тіркеді.

Туудың жалпы коэффициенті және жалпы өлім-жітім коэффициенті алдын ала мәліметтер бойынша 1000 адамғаа шаққанда сәйкесінше 22,1 және 3,3 адамды құрады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда республикада туылғандар саны 2,1%-ға өсті.

Еске сала кетейік, Тәжікстан халқына «Шаһнаманың» жаңа басылымы тегін таратылады.

 

Соңғы жаңалықтар