Тәуелсіздік жылдары 260 млн шаршы метрге жуық баспана салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміз егемендік алған жылдан бері Қазақстанда 260 млн шаршы метрге жуық баспана салынды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлім етті.

Тұрғын үй
Фото: Pixabay.com

- Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға баса назар аудару керек, себебі тұрғындардың өмір сүру сапасы басқару тиімділігіне байланысты. 1991 жылдан бері елде 254 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, яғни барлық қаржыландыру көзінен 2 млн 319 мың пәтер тапсырылды, - деді Қ. Қажкенов Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында.

Бұл тұрғыда ол 2019 жылдан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көппәтерлі үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған реформа жүргізіліп жатқанын еске салды. Заңнаманың негізгі мақсаты - меншік иелері арасында ортақ мүлікті басқару және күтіп ұстау үшін жауапкершілікті белгілеу.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Қазақстанда 20 млн шаршы метрге тарта баспана тапсырылады

Сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы санатындағыларды арендалық баспанамен қамтамасыз етуге қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар