Тәуелсіздікті жақтаушы Джон Суинни Шотландияның жаңа басшысы болуы мүмкін

 Джон Суинни
Фото: GETTY IMAGES

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы аптада SNP партиясының жаңа жетекшісі және Шотландия үкіметінің басшысы 60 жастағы Джон Суинни болуы әбден мүмкін, ол Шотландияның Ұлыбритания құрамынан бөлінуіне оқыс қадамдарсыз біртіндеп жақындау қозғалысының жақтаушысы, деп жазады ВВС.

Шотландия Ұлттық партиясының (SNP) бұрынғы жетекшісі Хамза Юсаф өткен аптада отставкаға кетті.

SNP ардагері Джон Суиннидің партия басшысы болып сайлануына мүмкіндігі жоғары, өйткені оның басты бәсекелестері сайлаудан бас тартып, оған қолдау білдірді. Егер дүйсенбіге дейін ешкім өз кандидатурасын ұсынбаса, партияның басқа таңдауы қалмайды. Суинни жалғыз кандидат болып қала береді.

Партиялық сайлаудан кейін, Свинни сәрсенбі күні ресми түрде бірінші министр, яғни Шотландия автономиясы үкіметінің басшысы болып тағайындалуы мүмкін.

Джон Суинни бұған дейін 2000-2004 жылдары SNP партиясын басқарған. Оған дейін және одан кейін ол түрлі деңгейдегі депутат болды, 2007 жылы SNP партиясы билікке келген кезден бастап үкіметте түрлі қызметтер атқарды. Партия жетекшісі және Үкімет басшысы Никола Стерджен болып тұрған кезде ол вице-премьер болды.

Соңғы жаңалықтар