Тауға шығып, аяғын сындырып алған жасөспірім құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бурабайлық құтқарушылар Атырау облысынан келген жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Көкшетау» тауына көтерілмекші болған 2010 жылғы жасөспірім аяғы тайып кетіп, сындырып алған.
«Атырау облысынан келген қонақтардың қуанышына орай Бурабай ауылының құтқарушылары дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен жасөспірімді жедел жәрдем көлігіне тапсырды», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.
Ведомство таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.
